Ақпараттық-ресурстық орталығында қазіргі уақытта «Академия кітапханаларының бірігуі» тақырыбында Академия филиалдарының кітапханашыларына арналған екі күндік семинар өтуде.
Аталған семинар Ақпараттық-ресурстық орталығының жұмысымен танысуды, кітапхана қызметінің теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. Бұл іс-шараның мақсаты – Орталықтың жұмысымен танысу, ақпараттық қорларға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін филиалдар арасында бірыңғай өзара іс-қимыл процесін қалыптастыру болып табылады.
Ақпараттық-ресурстық орталығының құрылымында Қазақстанның өңірлік орталықтарында орналасқан 16 филиал бар.
Аталған іс-шара аясында әдебиеттерді сатып алу рәсімдері, есепке алуды жүйелендіру, кітапхана қорын ғылыми-техникалық өңдеу, сондай-ақ қосалқы кітапхана қорлары мен ашық қолжетімділіктің ұйымдастырылу мәселелері бойынша білім берілуде. Семинардың әр қатысушысы қажетті ақпаратты электрондық тасығыштарда ала алады, барлық қызықтырған сұрақтарын қойып, электрондық каталогтың жұмысын тәжірибеде көре алады.
Семинар шеңберінде қазақстандық дизайнер Аида Кәуменовамен кездесу іс-шараны одан әрі толықтыра түсті, ол басшылардың іскерлік стилі мен имиджіне толығырақ тоқталып өтті, сондай-ақ мемлекеттік қайраткер Кәрібжанов Жәнібек Сәлімұлымен кездесуде көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар болды.
Семинар филиалдар қызметкерлерінің арасында жақсы қабылданып, өңірлердегі кітапханашылардың басын қосты және ақпараттық базаны дамытудың алдағы ынтымақтастығына мақсат пен міндеттер белгіледі.
