Ректор Фатима Жақыпованың 8 Наурыз күніне орай үндеуі
Қымбатты арулар-әріптестер!
Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Шуақты көктем аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы мереке әрқашан көңілімізді көкке өрлетіп, қуантады. Өйткені, сіздер жақсылықтың, жылулықтың, нәзіктік пен махаббаттың нышанысыздар.
Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Ректор Жақыпова Фатима Надырқызы