23 ақпанда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Ашық есік күні болып өтті.
Академия және оның филиалдары мынадай күндері «Ашық есік күндерін» өткізеді:
- 2019 жылдың 30 наурызы;
- 2019 жылдың 27 сәуірі;
- 2019 жылдың 25 мамыры;
- 2019 жылдың 22 маусымы.
Ашық есік күніне онлайн-режимде қатысуға өтінім беріп, барлығы қатыса алады. 23 ақпан күні сенбілік кездесуге қатысушылар арасында Астана мен өңірлерден келген мемлекеттік қызметшілер болды.
2019 жылға арналған магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларының ауқымды презентациясы, инфосессия және құжаттарды қабылдау бойынша консультациялар алғаш рет Академияның YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілгендігін айта кеткен жөн.
Астанадағы ақпараттық кездесудің онлайн көрсетілімі Академияның YouTube-арнасында сақталған. Ақпараттық кездесудің бейне жазбасының арқасында мамандықтар, оқуға қабылдау ережелері мен түсу тәртібі туралы Академия басшылығы мен оқытушылары айтқан мәліметтерден толығырақ білуге болады. Академияны бітіргеннен кейін кәсіби және тұлғалық өсу мүмкіндіктері туралы біздің магистранттар мен түлектер айтып берді.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратура мен докторантураның мынадай білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдайды:
Магистратура (1 жылдық оқу)
MPM |
Мемлекеттік менеджмент |
MDPA |
Цифрлық мемлекеттік басқару |
MACP |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат |
MPPL |
Мемлекеттік саясат және құқық |
MPP |
Ағылшын тілінде оқытылатын мемлекеттік саясат |
MHRM |
Адами ресурстарды басқару |
MIR |
Халықаралық қатынастар |
Магистратура (2 жылдық оқу)
MPP |
Мемлекеттік саясат |
MPA |
Мемлекеттік басқару |
ME |
Экономика |
MRD
|
Өңірлік даму |
Докторантура (3 жылдық оқу)
DPA |
Мемлекеттік басқару |
DE |
Экономика |
DIR |
Халықаралық қатынастар |
EDPM |
Мемлекеттік менеджмент (икемді оқу кестесі) |
Сәтті оқу нәтижесінде мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет саласындағы еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының дипломын алады.
Критерийлердің бірі – ағылшын тілін білу, оқуға түсушілерге APTIS, IELTS немесе TOEFL тестілеуін тапсыру қажет.
Оқуға түсу үшін құжаттар тізімі қысқартылғандығын айта кеткен жөн: білімі туралы дипломның көшірмесі (қосымшасымен); жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі; еңбек қызметін растайтын құжат; медициналық анықтама.
Оқуға түсу туралы толық ақпаратпен біздің веб-сайтта www.apa.kz «Оқуға түсу» бөлімінде таныса аласыз, әлеуметтік желілерде: FACEBOOK facebook/academyofpublicadministration/, INSTAGRAM instagram/apa.KZ/, Ашық есік күніндегі бейнежазбаны YouTube-арнада көре аласыздар немесе кеңес алу бойынша телефон нөмірі +7 (7172) 75 33 95.