Жаңалықтар

Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері

 Жастар жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі отандық дипломатияның жаңа ұрпағымен таныстыратын басылымды ұсынды.

«Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» жинағы СІМ қолдаған «100 жаңа есім» жалпыұлттық жобасының бір бөлігі болып табылады. Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясын келесі жылдарға кім жүзеге асырады, отандық дипломатияның болашағы кімдерге тәуелді болады, – осы және басқа да сұрақтарға кітаптан жауап табуға болады.     

 Жиырма алты жас қазақстандық дипломат өзінің кәсіби тарихтарымен, эмоцияларымен және еліміздің болашағының көрінісімен бөліседі. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері де бар. Жобаның үш қатысушысы қазіргі уақытта Дипломатия институтында білім алуда. 

 Іс-шараға ҚР Сыртқы істер вице-министрі Р.Ю. Василенко, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры А.Б. Көшербаева, Дипломатия институтының профессоры – тәуелсіз Қазақстанның бірінші Сыртқы істер министрі Т.С. Сүлейменов, Дипломатия институтының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары, ҚР СІМ қызметкерлері қатысты.


Your browser does not support SVGs