Жаңалықтар

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні!

Биыл Мемлекеттік басқару академиясы көп балалы аналар мен олардың балаларына жайдары көңіл-күй, қамқорлық көрсете отырып, Халықаралық әйелдер күнін ерекше атап өтуде.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері мен тыңдаушылары он көп балалы отбасына мереке ұйымдастырды.

Академия ректоры Фатима Жақыпова өз құттықтау сөзінде «Шынайылық пен қамқорлық, парасаттылық пен ашықтық қасиеттері  бізге күнделікті өмірде жеткіліксіз. Егер көмек қолын созып, қамқорлық көрсетсек, біз бір-бірімізге жақын бола аламыз. Бұны жасау өте оңай, бірінші қадам жасасақ болғаны. Бұл әсіресе Академияда білім алып жатқан мемлекеттік қызметшілер үшін маңызды», – деп атап өтті.

Көп балалы аналар үшін арнайы коучинг-сессия ұйымдастырылды, оны Академияның профессоры Марта Абдыкаликова жүргізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазір аналар үшін әлеуметтік жағынан және кәсіби даму тұрғысынан да көмек көрсету маңызды. Бұған уақыт әрдайым жеткілікті бола бермейді, оның үстіне көп балалы аналарға.

Аналар коучингте болған кезде, балалар Мемлекеттік басқару академиясының Кәсіподақ комитеті арнайы ұйымдастырған үлкен мерекелік бағдарламаға қатысты. Балалар аниматорлармен ойнап, сурет салды және оригами дайындады. Өз қолымен жасалған туындылар – суреттер мен оригамилерді балалар өз аналарына сыйлады.

Салтанатты бағдарламаның соңында Академия қызметкерлері мен тыңдаушыларының қолдауымен ұйымдастырылған, шақырылған қонақтар мен Академияның нәзік жандарына арналған концерт ұйымдастырылды. Көктемгі әйелдер мерекесіне орай әндер шырқалып, домбыра шертіліп, гитарада өлеңдер айтылды, сондай-ақ вальс пен попурри биледі.   

Айта кету керек, көп балалы аналарды шақыру және оқыту Академия үшін дәстүрге айналып отыр. Мәселен, 1 наурыз – Алғыс айту күнін мерекелеу кезінде Академияға көп балалы отбасылар шақырылды, онда аналар үшін коучинг-сессиялар ұйымдастырылды, ал балалар осы уақытта аниматорлармен ойнап, әлеуметтік жәрмеңке үшін өз бұйымдарын дайындады. 

Ал 2 наурызда Академия тыңдаушылары мен қызметкерлері ардагерлер, қарт адамдар мен көп балалы отбасыларға қамқорлық көрсете отырып, аула аумақтарын қардан тазалауға барды. Барлығы шашамен 20 машина қар шығарылды. Қарт адамдар өз алғыстарын білдіре отырып, аулаларды қардан тазарту өз үйлеріне жақын маңда жүруді айтарлықтай жеңілдететінін атап өтті.

«Бұл біреулер үшін ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Бірақ біз әр күнді – мүмкіндік деп есептейміз. Ол қамқорлық көрсету, кәсібилік аясын кеңейту, нақты жобаларды жүзеге асыру және нақты қадамдар жасау мүмкіндігі», – деп атап өтті ректор.


Your browser does not support SVGs