Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова Ливанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джескад Аль-Хури мырзамен кездесті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері, мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесіндегі үрдістер, сонымен қатар Академия сияқты білім беру мекемелерінің орны мен рөлі жайлы пікір алмасу өтті.
Осыған байланысты Академияның жедел даму заманындағы жаңа тәсілдер мен технологияларды қолдануы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тығыз қарым-қатынасы мемлекеттік қызметті жетілдіру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруға ықпал ететіні айтылды. Тараптар бұл өзгерістерді мемлекеттік қызметшілердің жаңа ұрпағын -тұтастай алғанда әлемдік қоғамдастық алдында тұрған міндеттерді тиімді шешуге қабілетті өзгерістер көшбасшыларын қалыптастырудың басты шарты болып табылатынын атап өтті.
Өз кезегінде Елші Аль-Хури мырза Академияның инновациялық технологиялар мен құралдарды енгізу үрдісін жоғары бағалап, бірлескен бастамалар мен жобаларды қолдауға дайын екендігін хабарлады. Алғашқы шара ретінде Елші мырза Академия қабырғасында дәстүрлі «Елшілік сағаты» аясында дәріс оқиды.