Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы студенттерді 2019 жылғы 10-14 маусым аралығында Академияның барлық облыстардағы, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдарының базасында өтетін «Болашақ көшбасшыларға арналған парасаттылық мектебіне» қатысуға шақырады.
Парасаттылық мектебіне қатысу тегін, бірақ орындар саны шектеулі.
Парасаттылық мектебінің мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау.
Парасаттылық мектебі – бұл қарқынды, әрі шығармашылық атмосфераның, ұжымдық және жеке оқыту нысандарының, эмоционалды нығаюдың және қатысушылар арасындағы үздіксіз өзара іс-қимылдың үйлесімі.
Парасаттылық мектебінде қатысушылар:
- сыбайлас жемқорлық феномені және онымен байланысты ұғымдар туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері туралы теориялық білім алады;
- тәжірибелі мамандардың басшылығымен командалық жобаларды әзірлеу кезінде алған білімдерін қолданады;
- өз шығармашылық құзыреттліктерін дамыту мүмкіндігіне ие болады;
- оқу аяқталғаннан кейін электрондық немесе баспа түрінде сертификаттар алады.
Оқыту әдістері: лекциялар, семинарлар, зияткерлік және іскерлік ойындар, практикалық сабақтар, шағын топтарда оқу кейстерімен жұмыс істеу.
Жұмыс тілдері: қазақ және орыс.
Оқытушылар туралы ақпарат: оқытуды жоғары білікті сарапшылар мен шақырылған жаттықтырушылар жүргізетін болады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету үшін пайдаланылуы мүмкін жаңа әзірлемелер туралы айтып, оларды практикалық қолдану тәжірибесімен бөліседі.
Қатысушылар профилі: парасаттылық мектебіне қатысуға жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады.
Тіркелу: қатысу үшін 2019 жылдың 19 мамыры сағат 18: 00 дейін келесі сілтеме бойынша өтінім толтыру қажет:
https://docs.google.com/forms/d/1xaQ27ht1hjCOLtiyYeC5rAAwRG2iF_ApH450sbqPNQc/edit?usp=sharing
Конкурс нәтижелері туралы іріктелген қатысушылар 2019 жылғы 30 мамырдан кешіктірілмей хабардар етіледі.
Байланыс: барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (7172) 75 35 72, 75 35 96 немесе электрондық поштаға жазыңыз: a.kabyldin@apa.kz.