25 жылЖаңалықтар

АЭФ – 2019 аясындағы  «ӨЗГЕРМЕЛІ ӘЛЕМДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ» атты жаһандық конференция

2019 жылғы 17 мамырда АЭФ-2019 аясында «Өзгермелі әлемдегі трансформациялық көшбасшылық» атты жаһандық конференция болып өтті. Ұйымдастырушылары – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Мемлекеттік қызметші қандай болуы тиіс, қазіргі заманғы әлемдегі сын-тегеурінді талаптарға жауап беру және Қазақстандағы реформалардың фасилитаторы болу үшін ол қандай дағдылар мен қасиеттерге ие болуы керек сынды сұрақтар – осы жаһандық конференцияның негізгі мәселелері болды.

Конференцияның бірінші сессиясында жаңа формация көшбасшыларын қалыптастырудағы жаһандық трендтер, көшбасшылықты кәсіпқойлықтан стратегиялық және цифрлық ойлауға трансформациялау мәселелері, инновациялық мемлекеттік басқару үшін көшбасшының бизнес үдерістерін реинжинирингтеу мәселелері, азаматтық қоғамның мемлекеттік сектормен белсенді өзара іс-қимылы, ашық үкімет пен тағы көптеген мәселелер талқыланды.

ҚР МҚІжСЖҚІА төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова конференцияны аша отырып, мемлекеттік қызметтегі көшбасшылықты трансформациялаудың қазақстандық тәжірибесі туралы айтты. Сингапурдың мемлекеттік қызметтің болашақ көшбасшыларын дамытудағы тәжірибесімен Сингапурдың Қаржы министрлігінің аға кеңесшісі және Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінің аға ғылыми қызметкері Лим Су Хун бөлісті. Біріккен Ұлттар Ұйымы Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің басқару және мемлекеттік әкімшілік мәселелері жөніндегі аға қызметкері Гарегин Манукян 2030 бағдарламасын іске асыру және тұрақты даму мақсаттары үшін мемлекеттік сектор институттарындағы трансформациялық көшбасшылық туралы айтты. Бірінші сессияның жұмысын Мәскеу басқару мектебінің ректоры СКОЛКОВО Марат Атнашев аяқтады.

Конференцияның екінші бөлімінде инновациялық мемлекеттік басқарудағы заманауи көшбасшының: трансформациялық көшбасшылық, транспаренттілік, сценарийлік жоспарлау, баламалы көрініс, Agile көшбасшылық принциптерін интеграциялау дағдылары жайында Датук Крист Тан және PEMANDU RUS LLC Басқарушы директоры және БАӘ Дипломатиялық академиясының инновациялар мен арнайы бастамалар жөніндегі менеджері Сепп Верхайен сөз сөйледі. Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозер жоғары тиімді ұйым құру туралы, өз командасын қалай басқару және жігерлендіру керек екендігі жайында ой білдірді.

Екінші сессияның соңында мемлекеттік сектордың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылының жаңа форматындағы қазақстандық тәжірибесімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы, ҚР МҚІжСЖҚІА «Адалдық Алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Жанар Тайжанова бөлісті.

Конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әлтаир Ахметов модераторлық етті.


Your browser does not support SVGs