Жоба туралы
«Студенттерді әлеуметтендіру» жобасы Академияның25-жылдығы менҚазақстандағы Жастар жылына арналған.
Жобаға қатысу арқылы студенттер өздерінің шығармашылық және зерттеу әлеуетін ашуға, дипломдық жұмыстар мен жобаларға ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік негіз жасауға мүмкіндік алады.
Студенттерге оқудан бос уақытында волонтерлік негізде Академияның іс-шараларына қатысуға, білім мен білік алуға, сонымен бірге келесі орталықтарда зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту ұсынылады:
- Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы;
- Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығы;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталалығы.
Біз ұсынамыз:
- Студенттерді әлеуметтендіру жобасына қатысқандығы туралы сертификат;
- Жобаға қатысу уақытын таңдай алу мүмкіндігі;
- Қызықты және өзекті тақырыптық дәрістерге, семинарлар мен зерттеулерге қатысу (Development Day аясында);
- Талап еткен жұмыс беруші ұйымдар мен гранттық бағдарламаларға қатысу үшін ұсыныс хаттар.
Жоба үміткерлерінің қатысу талаптары:
- ЖОО-ның студенті болуы тиіс;
- Мамандығы немесе қызығушылық бағытына сәйкес болуы керек;
- Кәсіби мамандар тобында жұмыс істеуге дайын болуы шарт.
Дедлайн
2019-2020 оқу жылына тіркеу мерзімі: 2019 жылдың 15 қыркүйекке дейін. Сілтеме бойынша өту (бірінші бетке өту)