Жаңалықтар

«Идеялар фабрикасы» Шымкент қаласында жалғасуда

Мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР МҚІСЖҚІА-нің «Идеялар фабрикасы» брейнсторминг жобасы енді тек Академияда ғана емес, оның филиалдарында да қарқын алуда: бүкіл ел бойынша мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту мақсатында нақты жобаларды одан әрі іске асыру үшін идеяларды іріктеу жалғасуда. Осы аптада «Идеялар фабрикасы» аясында Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында филиал тыңдаушылары – ЖАО мемлекеттік қызметшілері өз жобаларын қорғады.

Брейнстормингке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әлтаир Ахметов қатысты.

Брейнсторминг қатысушылары Қазақстанның үшінші мегаполисі тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мынадай жобаларды таныстырды:

«Бақытты балалар» – балалардың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау; «Азаматтар үшін сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігі» – азаматтар үшін сот төрелігі жүйесінің қолжетімділігін арттыру; «Есептерді және бюджеттік процестерді ақпараттық автоматтандыру» – мемлекеттік сектордағы қаржы саласының бизнес-процестерін жетілдіру;

«Баламалы энергия көздерін пайдаланатын электр пойызы» – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әлтаир Ахметов кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы қазіргі заманғы тәсілдер бойынша ашық дәріс өткізді.

Қонақтар жобаларға жоғары баға беріп, еселі еңбектері үшін алғыс айтып, істеріне табыс тіледі!

 


Your browser does not support SVGs