Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару академиясында Л.Н. Бурлаковтың «Менің тағдырымдағы Академия» атты дәрісі өтті

2019 жылдың 13 қыркүйегінде Академияның 25 жылдығын мерекелеу аясында белгілі мемлекеттік қайраткер, Басқару институтының профессоры Леонид Николаевич Бурлаков дәріс оқыды.

Леонид Николаевич өзінің құттықтау сөзінде Академияның өз өміріндегі ерекше және маңызды рөлін атап өтті.

«Академияға 25 жыл, оның ішінде 19 жыл мен осында жұмыс істеймін, бұл мен үшін үлкен мәртебе. Академияның тарихы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (ҰЖМБМ) құрылған 1994 жылдан басталады. Бұл шешім мемлекеттік аппаратты трансформациялау қажеттілігімен, нарықтық қатынастарға көшумен және басқарушылардың жаңа тобын дайындау қажеттілігімен қабылданды», – деп атап өтті Леонид Бурлаков.

Дәріс барысында, Академияның 25 жылдық тарихындағы маңызды кезеңдер туралы айта келе, Леонид Николаевич бұл – жинаған тәжірибені саралауға және жаңа уақыт талаптарына сәйкес келетін кәсіби әрі тиімді мемлекеттік аппаратты дамытудың басым бағыттарын іске асыруға бағытталған жаңа мақсаттарға жету үшін сенімді түрде алға басуға мүмкіндік беретін тамаша жас екенін айтты.

Өз сөзінің соңында Леонид Николаевич Мемлекеттік басқару академиясы тиімді көшбасшылық пен кәсіби басқарушылардың зияткерлік платформасы болып табылатынын атап өтіп, тыңдаушылар мен Академия қызметкерлеріне Қазақстанның игілігі үшін жаңа шығармашылық табыстар тіледі.   


Your browser does not support SVGs