Жаңалықтар

Халықаралық ынтымақтастық

Осы аптада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына  Түрікменстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының делегациясы іссапармен келді.
Сапардың мақсаты Түрікменстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы үшін мемлекеттік басқару саласындағы магистратура бағдарламасының жобасын талқылау болды. Сапар шеңберінде делегация Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығымен және қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында қонақтар Қазақстандық Академияның қызметімен жіті таныса алды, сондай-ақ стратегиялық сессиялар мен интерактивті сабақтарға қатысып, қашықтықтан оқыту жүйесімен танысты.

Аталған жобаның ағымдағы жылдың басында бастау алғанын еске саламыз, онда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру, және түрікмендік әріптестермен бірге олардың әлеуетін ұлғайту бойынша өз тәжірибесімен бөліскен болатын. Басқару институты мен МСҰМ-ның профессор-оқытушылар құрамымен ынтымақтастық шеңберінде оқу білім беру бағдарламаларын, силлабустарды әзірлеу бойынша, сондай-ақ оқытудың интерактивті және инновациялық әдістері бойынша оқыту өткізілді.

Бұл жолы Түрікменстаннан келген делегация Академия және Қазақстан Республикасындағы және Түрікменстандағы Еуропалық одақ кеңселерінің қызметкерлері үшін мемлекеттік басқару саласындағы магистрлік бағдарлама модульдерін таныстырды. Аталған жоба «Түрікменстандағы мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыруды қолдау» ЕО-тың бағдарламасымен қаржыландырылатынын атап өткен жөн.

Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар мемлекеттік қызметшілерді даярлау саласында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетуге ортақ қызығушылық танытты.


Your browser does not support SVGs