Елорда әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларымен Kyzmet Talks алаңында кездесті. Осыған ұқсас кездесулер мен дәрістер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 25-жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп жатыр.
Іс-шара барысында Алтай Көлгінов қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, әсіресе елорданың дамуы: қоғамдық қауіпсіздік, білім және денсаулық сақтау салаларына цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ тұрғын үй алаптарын дамыту туралы және үлестік құрылыс пен әлеуметтік нысандардың аздығы және т.б. сияқты түйіткілді мәселелердің қалай шешіліп жатқаны туралы айтып берді.
Сұрақ қойғысы келген адамдардың қатары аз болмағанын, ал уақыттың шектеулі болғанын айтып өткен жөн. Оған қарамастан әкім сұрақ қойғысы келген адамдардың барлығын тыңдап, сұрақтарына жауап берді және кездесу соңында тыңдаушылармен естелікке суретке түсті.