ҚР СТ ISO 21502-2022 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ұлттық стандарты:
Персоналды сертификаттау – персоналдың сапалық сипаттамаларының (білімі, кәсіби құзыреттілік деңгейі) ұлттық (халықаралық) стандарттардың талаптарына сәйкестігін белгілейді, оның мүмкіндіктерін тиісінше айқындайды және жобалық менеджмент саласында нақты іс-қимылдарды жүзеге асырады.
Сипаттамасы:
Жобаларды басқару саласындағы білімді қолдана алады және жобаға топ мүшелерінің бірі ретінде қатыса алады, бірақ оның жалпы білімі күрделі тапсырмаларды орындау үшін жеткіліксіз.
Талаптар:
- жобалық топта немесе жобаны басқару персоналы мүшесінің тәжірибесі бар қызметкерлер;
- жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- жобалық менеджмент саласында кем дегенде бір 1 жыл тәжірибе;
- жобалық менеджмент бойынша кемінде 40 сағат оқуды немесе жоғары оқу орнында 2 кредитті растайтын құжаттар (сертификаттар, транскрипт).
Емтихан: тестілеу (60 сұрақ), 2 академиялық сағат.
Өту ұпайы: 42 дұрыс жауап (70%).
Құны: ҚҚС-пен 58 000 теңге.
Біліктілікті растау: әр 3 жыл сайын
Сипаттамасы:
Сертификаттау пәні болып табылатын тиісті ресурстарды, әдіснамалар мен құралдарды пайдалана отырып, жеке бірлік жобаны ғана емес, бағдарламаны басқаруға қабілетті.
Талаптар:
– жобалар мен бағдарламаларды басқаруға қатысатын орта және жоғары буын басшылары;
– жобалар саласындағы тәжірибелік қызмет өтілі кемінде 2 жыл;
– I деңгей бойынша сертификат «Жобаның басшысы».
Емтихан: Эссе (500 сөз), 1,5 академиялық сағат.
Өту ұпайы: емтиханның тапсыру шегі бекітілген критерийлерге сәйкес емтихан комиссиясының бағалауының 70% құрайды.
Құны: ҚҚС-пен 45 000 теңге.
Біліктілікті растау: әр 3 жыл сайын
Сипаттамасы:
Портфельді біледі және басқара алады, негізгі басқару шешімдерін қабылдай алады, жобалар бойынша үміткерлерді бекітеді.
Талаптар:
– жобалар мен бағдарламаларды басқаруға қатысатын жоғары буын басшылары;
– жобалар саласындағы тәжірибелік қызмет өтілі кемінде 3 жыл;
– I және II деңгейдегі сертификаттар (Жоба басшысы және Бағдарлама жетекшісі).
Емтихан: сұхбат (10 сұрақ), 1 академиялық сағат.
Өту балы: емтиханның тапсыру шегі бекітілген критерийлерге сәйкес емтихан комиссиясының бағалауының 70% құрайды.
Құны: ҚҚС-пен 32 000 теңге.
Біліктілікті растау: әр 3 жыл сайын
Сипаттамасы:
Маман құзыретінің жоғары деңгейін біледі және сипаттайды, теориялық және практикалық ұсынымдар бойынша жобаларды басқара алады.
Талаптар:
– жобаларды басқару бойынша әдістеме мен басшылықты әзірлеу және енгізу бойынша тәжірибесі бар мамандар;
– жобалар саласындағы тәжірибелік қызмет өтілі 3 жылдан асады немесе жобалық менеджмент бойынша педагогикалық қызмет өтілі 200 академиялық сағаттан кем емес;
– ҚР СТ ISO 21500, ҚР СТ ISO 21503, ҚР СТ ISO 21504, СТ стандарттары бойынша I, II және III деңгейлер бойынша сертификаттың (жобаның, бағдарламаның және портфельдің басшысы) немесе жобалық басқару бойынша кемінде 80 академиялық сағаттың (1 академиялық сағат есебінен 40 минутқа тең) ҚР ISO 21505, ҚР СТ ISO/TR 21506, ҚР СТ ISO 21502 кешенді оқытудан өткені туралы сертификаттың болуы.
Емтихан: кешенді емтихан (60 сұрақты тестілеу, 500 сөзден тұратын эссе, 10 сұрақтан тұратын сұхбат), 4,5 академиялық сағат.
Өту баллы: емтиханның табыстылық шегі 70% құрайды, бұл ретте әрбір кезеңнің табысты өтуінің ең төменгі шегі кемінде 60% болуы тиіс.
Құны: ҚҚС-пен 143 000 теңге.
Біліктілікті растау: әр 3 жыл сайын