Персоналды сертификаттау жөніндегі іс-қимылдардың (рәсімдердің) реттілігі мыналарды қамтиды:
- орталыққа сертификаттауға электрондық өтінім мен құжаттар жиынтығын беру
- өтініш берушіге тиісті хабарлама жібере отырып, өтініш берушінің құжаттарын сараптау, ұсынылған материалдардың толықтығы мен жеткіліктілігі туралы шешім қабылдау (оның ішінде персоналдың белгіленген талаптарға сәйкестігін талдау)
- өтініш берушімен сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындауға шарт жасасу (сертификаттау жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарт жасасу және сертификаттауға арналған шығыстарды төлеуді өтініш беруші тексеруден және оның емтихан басталғанға дейін белгіленген талаптарға сәйкестігінен кейін жүзеге асырады)
- өтініш берушінің сертификаттау қызметтерін төлеуі
- кандидатқа (жеке өзі, телефон немесе электрондық пошта арқылы) сертификаттауды өткізу мерзімі туралы хабарлама жіберу
- біліктілік емтихандарын өткізу
- біліктілік емтихандарының нәтижелерін бағалау
- ұсынылған құжаттар жиынтығы және емтихан нәтижелері негізінде кандидатқа тиісті біліктілік деңгейін беру мүмкіндігі (не бас тарту) туралы шешім қабылдау
- Сертификаттау туралы оң шешім болған кезде сертификатты ресімдеу, тіркеу және беру не теріс шешім болған кезде сертификаттаудан бас тарту туралы хабарлама
Сертификаттауға арналған құжаттар пакеті:
– электрондық-цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ)қол қойылған сертификаттауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы электрондық өтініш (нысанды жүктеу)
– үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі
– үміткердің жоғары немесе орта немесе техникалық және кәсіптік білімі туралы құжаттың көшірмесі
– жобалар саласындағы практикалық қызмет өтілі туралы АНЫҚТАМА (нысанды жүктеу)
–Біліктілікті арттыру, жобалық менеджмент саласында оқудан өту туралы сертификаттауға үміткердің құжаттарының көшірмелері (сертификаттар) немесе жобалық менеджменттің тыңдалған курсы туралы транскрипт
Емтихан нәтижелері тестілеуді қоспағанда, емтихан өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайларына жіберілетін болады (емтиханның тестілеу әдісінің нәтижелері автоматты түрде шығарылады)
Емтихан тапсырылмаған жағдайда өтінім беруші сертификаттау кестесіне сәйкес белгіленген басқа күні қайта сертификаттау рәсімінен өтуге құқылы.
Қайта сертификаттау жөніндегі жұмыстар алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмай және белгіленген рәсімдердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Танысу үшін қосымша құжаттар
Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның сапа саласындағы саясаты
Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның қауіпсіздік және ақпаратты қорғау саясаты
Өтініш беруші тарапынан қабылданған шағымдар мен апелляцияларды қарау тәртібі
Сертификаттау қызметтерін төлеу бойынша реквизиттер:
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
БСН 090240000429
ЖСК KZ666017111000000349
КБЕ 16
БСК HSBKKZKX
«Қазақстан Халық банкі» АҚ
010000, Астана қ., Абай даңғылы, 33а
тел.: 8(7172) 75-34-87
Қызметтер атауы: жобалық менеджмент саласындағы персоналды сертификаттау қызметтері үшін