Жаңалықтар

«Көші-қон үдерістеріндегі балалар»

2020 жылдың 18 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында ЮНИСЕФ – Қазақстан ынтымақтастығындағы көші-қон үдерістеріндегі балаларды қорғау жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындары арасында кездесу өтті.

Жобаның тақырыбы аса өзекті, өйткені Қазақстан көші-қон халқы үшін Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орынды алады. Деректерге сүйенсек, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі шетел мигранттарының 300-ге жуық балалары тұрады және бұл көрсеткіш жыл өткен сайын ұлғаю үстінде.

Жобаның мақсаты көші-қон нәтижесінде елге келген мигранттардың балаларымен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші-мамандардың сұранысына сай оқыту процестерін ұйымдастырып, біліктілігін арттыру қажеттілігін зерделеу. Мәселен, білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және т.б. Сондай-ақ зерттеу нәтижесіне сүйене отырып құрылған тиісті модульдік жүйені, Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару Академиясына және өзге де жоғары оқу орындарының оқу процесіне енгізу болып табылады.

Кездесу барысында қатысушылар қажеттіліктерді зерттеу әдістемесімен танысып, еліміздің 6 университетіндегі (Алматы, ОҚО, Қарағанды және Нұр-сұлтан) және 4 профильдік ЖОО-дағы (ІІМ академиясы, ҰҚК Шекара қызметі, Сот төрелігі және Мемлекеттік басқару Академиясы) ОӘК пайдаланды. 10 түрлі сұхбат жүргізіліп, (БҒМ, ҚР ІІМ, ҚР ДСМ, ҚР ЕХӘҚМ, ҚР БП, ҚР ҚК, әртүрлі ҮЕҰ) Академия тыңдаушылары мен қызметкерлеріне арналған  Online және face-to-face түрінде сауалнама алынды.

Зерттеу негізінде мигранттарға қатысты әлеуметтік және этикалық нормаларға қатысты ұсыныстар әзірленді. «Көші-қон саласындағы мамандардың әлеуетін стратегиялық арттыру тұжырымдамасы» талқыланып, «Көші-қон үдерістеріндегі балалар» атты оқу модулінің контенті бойынша негізгі идеялардың таныстырылымы өтті.

Кездесуге ЮНИСЕФ, мемлекеттік басқару Академиясы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органы, ҚР Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.


Your browser does not support SVGs