Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару Академиясына қош келдіңіздер: «Ашық есік күні»

22 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Ашық есік күні» өтті.

Дәстүрге айналған кезекті іс-шарада Академияға оқуға түскісі келетін болашақ магистраннтар мен докторанттар 2020 жылға арналған білім беру бағдарламаларымен,  оқуға тапсыру сәтінде қойылатын негізгі талаптармен, Академияда білім алудың артықшылықтарымен танысты. Сондай-ақ шара қонақтары «Пән бойынша эссе жазу/зерттеу жұмысының жоспары»,  «Плагиатты болдырмау жолдары»  (Академияға түсу үшін арналған дайындық курстары аясында) атты өзекті тақырыптар төңірегінде ұйымдастырылған сессияларға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Нұр—сұлтан қаласында өткізілген «Ашық есік күніне»  85 адам офлайн түрде қатысты. Сонымен қатар екі сағаттық сессия онлайн түрде Академияның Instagram және YouTube әлеуметтік желілері арқылы көрсетілді. Нәтижесінде шараға қатыса алмаған Қазақстанның әр аймағындағы азаматтар тікелей эфирді онлайн түрде тамашап қана қоймай, тақырыпқа қатысты қызықтырған  сан түрлі сауалдарына жауап алып, кері байланыс алу мүмкіндігіне ие болды. Instagram желісі арқылы жүргізілген тікелей көрсетілімді 225 адам, ал YouTube желісінідегі эфирді 220 адам тамашалады

Іс-шараға қатыса алмаған, барлық ниет білдірген мемлекеттік қызметкерлер тікелей эфирдерді кейінірек, сол платформаларда сақталған жазбада көруге мүмкіндік алды. Айта кету керек, түсірілген жазбалар Академияға тапсырушы барлық үміткерлерге жыл бойы сілтеме түрінде таратылатын болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратураның 10 бағдарламасының бірі немесе докторантураның 3 бағдарламасы бойынша бір жылдан астам жұмыс өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді грантқа түсуге шақырады.

Академия жыл сайын мемлекеттік басқару және саясат саласындағы отандық және әлемдік трендтер негізінде өзінің білім беру бағдарламаларын өзектендіреді және жетілдіреді. Осылайша, ағымдағы жылы Академия келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асырады:

Бір жылдық оқу мерзімімен:

«Мемлекеттік менеджмент» – Мaster of Public Management;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» – Мaster of Anti-Corruption Policy;

«Халықаралық қатынастар» – Master of International Relations;

«Адами ресурстарды басқару» – Master of Human Resources Management;

* «Өңірлік даму» – Master of  Regional Development.

Екі жылдық оқу мерзімімен:

«Мемлекеттік басқару» – Master of Public Administration;

«Мемлекеттік саясат» – Master of Public Policy;

«Экономика» – Мaster of Economics;

«Өңірлік даму» – Master of  Regional Development;

* «Өңірлік көшбасшылық» – Master of Regional Leadership.

Үш жылдық оқу мерзімімен:

«Мемлекеттік басқару» – Doctor of Public Administration;

«Экономика» – Doctor of Economics;

«Халықаралық қатынастар» – Doctor of International Relations.

* Оқыту қаржыландырудың өзге көздері есебінен жүзеге асырылады.

 

Академияға оқуға түскен жағдайда білім алушыға жұмыс орнын сақтау, лауазымдық жалақы мөлшерінде стипендия алу, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамынан білім алу, әлемдік деңгейдегі сарапшылармен тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі.

  • Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар (Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 10 шілдесіне дейін жүзеге асырылады):

 

– Өтініш

– Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі

– IELTS/TOEFL сертификатының көшірмесі немесе APTIS-ке тіркеу

– Еңбек қызметін растайтын құжат

– 086-У нысанындағы медициналық анықтама

– Мемлекеттік органның жолдамасы

– Үміткердің жазбаша жұмысы:

  • Магистратура үшін – мотивациялық эссе, пән бойынша эссе
  • Докторантура үшін – эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal)

 

Білім беру бағдарламалары мен қабылдау рәсімі туралы толық ақпаратпен Академияның www.apa.kz сайтында, «Оқуға түсу» бөлімінде танысуға болады.

 


Your browser does not support SVGs