Жаңалықтар

МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА: COVID-19

Құрметті Академияның магистранттары мен докторанттары!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясын жариялауына байланысты  Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығына қатер төндірмеу және қорғау мақсатында елімізде күшейтілген профилактикалық шаралар енгізіліп, төтенше жағдай жарияланды.

Өз кезегінде, Академия COVID-19 коронавирустық инфекцияны алдын алу мақсатында білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты арнайы шараларды күшейтіп, келесі кестедегі тәртіп бойынша ONLINE-оқуға көшеді:

  •  2020 жылдың 16 наурызынан бастап – тәжірибе/тағылымдама/кеңес беру/жоспарланған кездесулердің барлық түрлері
  • 2020 жылдың 30 наурызынан бастап – Академиялық күнтізбеге және кестеге сәйкес дәрістер (кесте LMS Canvas-қа жүктелетін болады)

Осыған байланысты:

  • Оқу процесі LMS Canvas-та оқытылып, басқарылады.
  • Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес оқытушылар онлайн-трансляция жүргізеді. Онлайн-трансляция Microsoft Teams-те өтеді – барлық білім алушылар сабақ кестесіне сәйкес Microsoft Teams-ке шығып, қажетті чатқа қосылады. Оқытушылар қажетті чатты келесідегідей нұсқада жасайды: Курстың аты «Басқару технологиясы», «Қатысушылар – бұл аталған курсқа тіркелген білім алушылар, мысалы: sissengalieva@apa.kz.  Логин мен пароль @apa.kz. паролі мен логинімен бірдей.
  • Академиялық саясаттың «15.8 Бір семестрде 15 академиялық сағаттан артық сабаққа себепсіз қатыспау – оқудан шығарылу» талабы өз күшінде қалады. Сабаққа қатысу онлайн форматта қадағаланады (оқытушы LMS Canvas-та онлайн-сессияда «attendance» қадағалайды).
  • LMS Canvas (курс материалдары, тапсырмаларды жүктеу, бағаларды қою, жүктелген тапсырмаларға пікірлер, сұрақтар-жауаптар), Microsoft Teams-тан (онлайн-сабақтар) басқа байланыс формалары баға қою үшін негіз болмайды
  • Білім беру саясаты орталығы оқытушы арқылы LMS Canvas-та көрсетілген мерзімде тапсырмалардың жүктелуіне бақылау жасауды күшейтеді.
  • Назарларыңызға саламыз, онлайн-сабаққа қатысу үшін сізге қажет:

сапалы дыбыс және бейне

интернеттің жылдамдығы (5мб/сек кем емес)

  • Онлайн-сабақ жазылатын болады
  • Сұрақтар туындаған жағдайда келесі тел.хабарласуға болады: 75-33-95 (Admission and Support Office, 1 этаж)
  • Microsoft Teams бойынша қосымша тиісті нұсқаулықтар келесі аптада жолданатын болады.

ОНЛАЙН-РЕЖИМ 15 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ЕНГІЗІЛЕДІ. РЕЖИМДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚОСЫМША ХАБАРЛАНАТЫН БОЛАДЫ.

Қажетті шешімдердің оқу процесіне әсерін жеңілдету мақсатында біз сіздермен, біздің оқытушылармен және қызметкерлермен онлайн-режимде жұмысты жалғастырамыз.

Жеке гигиена шаралары мен вирустық аурулардың алдын алу туралы тағы бір еске сала отырып, адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болыңыз, қолдарыңыз бен беттеріңізді жиі жуып, дезинфекциялық құралдарды қолданыңыз. Байланыста болып, абай болыңыз!

Қамқорлықпен және игі тілектерімен, Академия!

p.s. Әлеуметтік желілердегі ақпараттық хабарламаларға араласпаңыз және тек тексерілген және ресми көздерге сенім білдіруді сұраймыз.


Your browser does not support SVGs