Жаңалықтар

Академияда мемлекеттік қызметшілерді оқытуға арналған ONLINE-платформалар

Біздің магистранттар мен докторанттар ОНЛАЙН түрдегі қашықтықтан оқуды өздеріне үйреншікті LMS Canvas, ИС Platonus және Microsoft Teams сияқты жүйелер арқылы өтіп жатса, Академияның кәсіби дамыту институты Zoom және Moodle деп аталатын екі платформаны белсенді тестілеу үстінде.

Өткен аптада Академияның және оның барлық аймақтық филиалдарының 60-тан астам қызметкері «Қызметтерді, тұтынушыны бағдарлау және оны ақпараттандыру» тақырыбындағы пилоттық онлайн-тренингке қатысты. Тренингті бизнес-тренер, коуч, тренинг және ұйымдастыру психология орталығының жетекшісі – Ерлан Мустафин жүргізді. Семинардың негізгі мақсаты – заманауи ойлауды қалыптастыру, мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға бағдарлау және оларды ақпараттандыру бойынша құзыреттіліктерді қалыптастыру, ең бастысы, онлайн семинар үшін пайдалануға болатын Zoom және Moodle платформаларының техникалық мүмкіндіктерімен таныстыру.

Қатысушылар ең алдымен Moodle жүйесіне сілтеме бойынша тіркеліп, онлайн-оқытуды өткізу кезіндегі ережелермен, спикердің өткізетін бағдарламасымен, түйіндемесімен танысуға мүмкіндік алды. Zoom алаңында өткен вебинар қатысушылары тек ортақ чатта жазып қана қоймай, сонымен қатар видеорежимде сұрақтар қоюға және пікірталасқа түсуге мүмкіндік алды. Семинар соңында қатысушылар Moodle порталында арнайы тестілеуден өтті.

Айта кету керек, Академия 2013 жылдан бастап мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларын өткізіп келеді. Бұл жүйе әлемдегі ең танымал платформалардың бірі. Осы жүйе арқылы оқытушы мен студент, тіпті, студенттердің өзі өзара кез келген форматтағы файлдармен алмасып, қажетті материалдарды бір-біріне жіберіп отыра алады.

Бүгінгі күні Moodle порталы арқылы Академияда біліктілікті арттырудың қашықтықтан оқыту семинарларына 30 мыңнан астам мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер қатысып үлгерді.

Сәуір айына қойылған біліктілікті арттыру курстарын дәл осындай форматта өткізуді жоспарлап отырмыз!

Үйде болыңыз! Онлайн режимде болыңыз!


Your browser does not support SVGs