Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНА ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҮН ҚОСУЛАРЫ

Ғылымның әлеуетін арттыру маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ғылым саласын дамытуға ерекше назар аударды. Осы ретте халықаралық тәжрибені ескеру туралы ұсынысы осы саладағы қордаланған мәселелерді шешудің жаңаша тектіктерін айқындауды көздейді.

Мемлекет басшысы тарапынан ғылымның әлеуетін арттыру бойынша тың механизм ұсынылып отыр, яғни жыл сайын 500 ғалым әлемнің заманауи әрі беделді зерттеу орталықтарында шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие. Бұл өз кезегінде ғалымдардың шетелдік әріптестерінен тәжірибе жинап, отандық ғылымды жаһандық деңгейге бағыттауға әсер етпек.

Сонымен қатар, жас ғалымдардың зерттеулеріне арнайы грант ұсыну тың жобалар мен әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде жаңа шешімдер әкелуге себепкер болмақ.

Аталмыш көзделген межеге жету үшін жоғарыдағы ұсыныстарды жүзеге асыру механизмнің мемлекеттік органдар тарапынан ашық әрі тиімді болуы өте маңызды.

 

БАУЫРЖАН БАГЛАЙ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
мемлекеттік басқару Академиясы Дипломатия институты ассистенті

 

 

Биылғы Жолдау стратегиялық шешімдер мен әлеуметтік мазмұнға толы болды. Ол заңдыда. Себебі, пандемия көптеген қордаланған мәселелердің бетін ашып берді. Сондықтан болар, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртумен қатар «Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек» екендігіне баса назар аударды. Бұл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырып қана қоймай, халықтың билікке деген сенімін күшейтетіндігі сөзсіз.

Президент мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуда және реформаларды жүргізуде «Бес институционалдық реформаны» негізгі бағдар ретінде ұстану қажеттігін айтты. Естеріңізде болса «Бес институционалдық реформа» өз ішінде 100 қадамнан тұратын мынадай бес бөлімге бөлінген: І. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру; II. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету; ІІІ. Индустрияландыру жəне экономикалық өсім; IV. Біртектілік пен бірлік; V. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.

Жоспарлау, орындау және бағалау сынды қағиданың сақталуы кез келген істе қажет екендігін барлығымыз жақсы білеміз. Оның ішінде, мемлекеттік саясатты

жоспарлауда міндетті болуы заңды. Осы орайда Президентке қарасты Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң қайта құрылуы уақыт талабы. Жаңа Агенттіктің құрамына Статистика комитетінің берілуі жоспарлау, орындау және бағалау сынды көрсеткіштерді тиімді, нәтижелі және шынайы етері сөзсіз. Бұл көрсеткіштердің барлығы «біреудің» мүддесі үшін бұрмалаудан сақтайды.

Осы тұста мемлекттік қызметке «жобалық» жоспарлауды тереңірек және қысқа мерзімде енгізген орынды болар еді. Бұл өз кезегінде әр деңгейлі мемлекеттік жобалардың  тиімділігі мен нәтижелігін арттыруға жол ашады. Бұл бюджет есебінен қаржыланатын көптеген «нәтижесіз», «маңызды емес» жобалардың алдын алуда тиімді тетік болмақ.

Осыдан мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруда ашықтық пен жауап берушілік ерекше орынға ие. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқындап алу маңызды. Орталық басқару органдарының кейбір құзыреттерін жергілікті басқару органдарына беру, пандемия жағдайы мұны жақсы көрсетті, олардың шешім қабылдауда еркіндіктерін беру мен қатар жауапкершіліктерін арттырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында көтерген мәселелер ауқымды. Жолдауда көтерілген мәселелердің барлығы ел дамуына серпін беретін салаларды қамтыған. Енді осы міндеттерді, жалған популизмге салынбай, бірлесе, сапалы жүзеге асыру біздің барлығымыздың қоғам алдындағы міндетіміз.

 

ДАСТАН КОШЕРБАЕВ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығының бас ғылыми қызметкері,
саяси ғылымдарының кандидаты


Your browser does not support SVGs