Новости

ПРЕЗИДЕНТТІҢ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЖОЛДАУЫНА ҮН ҚОСУ

Егеменді еліміздің дамуы әр кезеңде мемлекеттік басқарудың тиісті үлгісін қажет ететіні белгілі. Бір үлгіден екіншісіне ауысу – экономикалық жаңару мен халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру қажеттілігінен туындайтын нәрсе. Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының дәстүрлі негізде халқына арнаған жолдауының негізін қалап отырған, әрине мемлекеттік басқару болып отыр. Мемлекеттік аппараттың жеткілікті дәрежеде тиімді болмауының анағұрлым айқын көріністері, әсіресе дүние жүзінде орын алып отырған коронавирус індеті кезінде тайға таңба басқандай анық сезілді. Ұлт жоспары аясында айқындалған реформалардың жүзеге асырылуы – халық үмітін ақтады деп айту қиынға соғып отыр. Мерзімі 2015-2020 жылдары жүзеге асырылады деп белгіленген стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көрсетілген бірқатар міндеттер әлі күнге күтілген нәтижені бермей отыр. Оның үстіне мемлекеттік аппараттың жеткілікті дәрежеде тиімді болмауының анағұрлым айқын көріністері, әсіресе еліміздегі коронавирус індеті кезінде тайға таңба басқандай анық сезілді. Ол жайында Президент Қ.К. Тоқаев қоғамның дамуы үшін өзінің маңыздылығын дәлелдеген цифрлық инфрақұрылымның сапасы мен сенімділігін қамтамасыз етудің қажеттілігін бүгінде басымдықта екеніне баса назар аударды. Алайда бұл бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты қыруар жұмыс атқарылғанымен, нәтиже көзге көрінбей тұрғаны бізді де, халықты да қынжылтады. Бүгінгі Жолдау осы қордаланған мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыратын, жаңа құрылып отырған мемлекеттік органға -Стратегиялық жоспарлау және реформалау Агенттігіне жүктелмекші және ол тікелей Президентке бағынатын болады. Оның негізігі қызметі еліміздегі жоспарларды бір қалыпқа келтіріп, жоспарлауға мемлекеттік емес, сонымен қатар жеке секторларды, қоғамды жұмылдыру болып табылады.

Тағы да көтерілген мәселелердің бірі — мемлекеттік қызметшілердің санын қысқарту, олардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру. Осы жылы 10 пайызға, ал келесі жылы 15 пайызға қысқарту жоспарланып отыр. Реформаның негізгі мақсаты азаматтар мен қоғамды басқару емес, керісінше, олармен бірлесе отырып басқаруды жүзеге асыру, қазіргі кезеңде мемлекеттік басқару үкіметтің қызмет аясына ғана тиесілі болмауы керек. Халықты мейлінше басқару үрдісіне қатыстыра отырып, Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыруымыз және одан әрі дамытатын кез келді.

ДҮСІПОВ ЕРКІН ШАЖАҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
мемлекеттік басқару Академиясының Бірінші Вице-ректоры


Your browser does not support SVGs