Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару Академиясы мен “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

2020 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты мақсаты – адами ресурстарды басқару және таланттарды дамыту саласындағы ынтымақтастықты жетілдіру.

Меморандум шеңберінд адами капиталды дамыту бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру, тиімді ынтымақтастық бойынша өзара іс-қимыл және ұсыныстар алмасу, «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша шаралар жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі таңда Академияда «Болашақ» халықаралық степендиясының 20 түлегі жұмыс жасайды. Мысалы, Академияның Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Газдиева Б.А., ректордың кеңесшісі Тұрарбекова Аида Нұрланқызы, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің доценті Нуралиев Нурлан Серикович, Басқару институтының аға оқытушысы Аронов Ансаган Куспанович, Дипломатия институтының ассистенті Баглай Бауыржан, Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушылары Рахымжанов Еркеш Аканулы мен Исмаилова Гульдана Мерекекызы.
Академияның Кәсіби даму институтының ассистенті Даурен Ерланович Нургожин «Болашақ» халықаралық степендиясының иегері атанды.


Your browser does not support SVGs