2020 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шарада Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен этносаралық келісімді дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректоры Айгүл Көшербаева мен Дипломатия институтының профессоры Таисия Мармонтова марапатталды.
Марапатты ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев табыс етті.
Академия үшін қызметкерлерінің осындай жоғары мараптқа ие болуы – үлкен мәртебе! Бұл Академияның этносаралық келісімді дамыту мен нығайтуға қосқан үлесін мойындау болып табылады.