Жаңалықтар

Мемлекеттік аудиторлар Мемлекеттік басқару академиясында оқудан өтуде

2020 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ҚР Қаржы министрлігінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік аудиторларын оқыту және сертификаттау бойынша «Қоғамдық секторда қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ACCACertIPSAS)» атты ауқымды жоба іске қосылды.

Іс-шараның ашылуына Академия ректоры  Ерлан Әбіл, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Берік Нәжімиденов, АССА-ның нарықтар жөніндегі директоры Стивен Шилдс және АССА-ның Қазақстан және Орталық Азиядағы басшысы Алтын Шакирханова қатысты.

Академияның жобаны жүзеге асырудағы негізгі серіктесі – мемлекеттік секторда бай әрі көпжылдық жұмыс тәжірибесіне ие және қаржы саласындағы мамандардың жаһандық кәсіби қауымдастығы болып табылатын британдық АССА компаниясы.

Аталмыш жобаның бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 16-20 қарашасы аралығында Академия негізінде өткен ҚСҚЕХС (ACCACertIPSAS) саласындағы курс оқытушыларын-жаттықтырушыларды даярлауға бағытталғандығын атап өткен жөн. Жаттықтырушылар қатарында Академияның 5 бизнес-жаттықтырушысы: Мемлекеттік басқару академиясының доценті Нурия Аширова, ҚСҚЕХС бойынша бизнес-жаттықтырушы Елена Фесак, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Академияның Қарағанды облысы бойынша филиалының шақырылған жаттықтырушысы  Саян Шакеев, ҚР кәсіби бухгалтері Айнур Топаева, ҚР Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС директорының орынбасары Асия Ускенбаева оқытылды, олар ҚСҚЕХС (ACCACertIPSAS) халықаралық сертификаттауын растау бойынша тестілеуді сәтті тапсырды.

Оқытудың алғашқы 3 күнінде тыңдаушылар есеп беру, есеп саясаты, инвестициялық жылжымайтын мүлік, сатуға арналған активтер, мәдени мұра активтері және т.б. бойынша курстардан өтті.

ҚЕХС саласында ACCA біліктілік сертификатын алуға арналған емтиханға дайындық бойынша оқыту семинарлары ағымдағы жылдың 4 желтоқсанына дейін өтеді. Жобаның келесі фазаларында орталық және жергілікті органдардың 400-ден аса мемлекеттік аудиторын оқыту және сертификаттаудан өткізу жоспарлануда.

 


Your browser does not support SVGs