2020 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілдің, «ERG Komek» корпоративтік қорының директоры Болат Оразовтың және Polymedia компаниясы өкілдерінің қатысуымен цифрлық коворкинг-орталықтың таныстырылымы өтті. Сондай-ақ, кездесуге онлайн форматта ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич қатысты.
Цифрлық коворкинг-орталық – бұл it-дағдыларды, сондай-ақ ынтымақтастық, шешім қабылдау, өз-өзін дамыту, қызмет тұтынушыға бағдарлану, бастамашылдық сынды құзіреттіліктерді дамытудың негізгі факторларының біріне айналатын мемлекеттік қызметшілер коллаборациясына арналған бірегей платформа.
«Бұған дейін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында біз «Цифрлық Академия» жобасын жүзеге асыруға бастама көтергенбіз. Оның мақсаты Академияны мемлекеттік қызметті кәсіби дамытудың зияткерлік-цифрлық платформасына айналдыру еді. Бүгінгі таңда жоба табысты жүзеге асырылуда. Барлық оқу залдары мен дәрісханалар бейнеконференцбайланыс жасау мүмкіндігі бар бір жерден басқарылатын мультимедиялық ықпалдасқан жүйелермен қайта жабдықталған. Бейне және дыбыс жазу студиясы құрылды, олар да үлкен графикалық мүмкіндіктері бар қуатты дизайнерлік техникамен жабдықталған. Бұл қашықтан оқыту технологияларын енгізіп, дамытуға мүмкіндік берді» – деп атап өтті Ерлан Әбіл өзінің құттықтау сөзінде.
«Цифрлық Академия» жобасының аясында ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің бастамасымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қолдауымен коворкинг-орталық құрылып, Академияға сыйға тартылды.
«ERG диверсификацияланған топ ретінде digital бағытқа зор көңіл бөлуде. Біз бизнес ретінде, Қазақстанның ауқымды жұмыс берушілерінің бірі ретінде біздің мемлекеттік аппараттың ең прогрессивті болуына мүдделіміз. Академияның тыңдаушыларын шын жүректен коворкинг-орталықтың ашылуымен құттықтаймын. Бұл кеңістіктің өзара әрекеттесу, үздік шешімдерді іздестіру және жаңа форматтағы мемлекеттік қызметшілердің тұтастай буынының өмірге келу алаңына айналатындығына сенімдімін» – деді ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.
Цифрлық коворкингте шығармашылық әлеуеттерді дамытуға барлық жағдай жасалғандығын атап өту қажет, оның арқасында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың ішкі қызметінде цифрлық технологияларға ауысу үрдістерін жүзеге асыруға бастама көтеріп, оларды басқара алады, мемлекеттің халықпен және бизнеспен өзара әрекеттесуіндегі функцияларын оңтайландыруға «цифрлық мемлекет» қағидаларын енгізе алады, «цифрлық мемлекеттің» е-government-тен smart-government-ке дейінгі эволюциясын ескеретін цифрлық мемлекеттік басқару саласында тиісті құзіреттіліктерге ие бола алады.
Іс-шара барысында Академияның коворкинг-орталығының алаңдары таныстырылды: Бизнес-алаң, конференц-зал, freelance аймағы. Онда usb-слоттар қоса орнатылған ақылды трансформер-үстелдер, «Samsung Flip» ақылды флипчарты, арнайы құрастырылған «Сити менеджер» ойыны бар интерактивті киоскілер, сондай-ақ голографиялық дәріс залы бар.
БИЗНЕС-АЛАҢ (іскерлік аймақ):
КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ:
Мысалы, «Сити менеджер» интерактивті қосымшасының арқасында мемлекеттік қызметшілер қалалық ортаны жоспарлау бойынша түрлі басқарушылық шешімдерді шығара алады және қабылданған шешімдердің түрлі көрсеткіштерге – қаржыға, азаматтардың көңіл-күйіне және демографиялық жағдайға қалай әсер ететіндігін көре алады.
СИТИ МЕНЕДЖЕР:
Жалпы, коворкинг-орталықтың барлық қабырғалары маркерлі, бұл өз кезегінде жобалық топтардың үнемі жазып, ауқымды көлемдегі материалдармен және ақпаратпен бөлісуіне мүмкіндік береді. Оған қоса, коворкингте барлық жабдықты IPAD арқылы басқаруға болады: бір әрекетпен-ақ бейнені кез келген жұмыс орнынан бейнеқабырғаға «лақтыруға», БКБ (бейнеконференцбайланыс) орнатуға, дыбыс пен микрофонды реттеуге болады.
FREELANCE АЙМАҒЫ:
Ал голографиялық дәріс залында мемлекеттік қызметшілердің қазіргі кезеңнің саяси көшбасшыларының сөздерін, сондай-ақ мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылардың дәрістерін голографиялық бейнеде трансляциялау мүмкіндігі болады. Голографиялық дәрістердің бірінші контенті ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналып жасалды.
Бүгінгі таңда Мемлекеттік басқару академиясында оқу үрдісін ұйымдастыру цифрлық және интерактивті оқыту технологияларын барынша пайдалануға негізделу үшін тұрақты түрде бизнес-үрдістердің цифрлық ре-инжирингісі, оқу кеңістігінің ре-дизайны жүзеге асырылуда. Кітапханада өз-өзіне қызмет көрсетудің электрондық станциясын енгізу жоспарлануда. Оның нәтижесінде пайдаланушылар кітаптарды өздері таңдап, оқуға алған және қайтарған кітаптарын электрондық картотекада тіркей алады. Бұл өз кезегінде қағаз карточкалар мен формулярлардан бас тартуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ кітапхана қолданушыларының қажетті әдебиетті өздігімен іздеуіне мүмкіндік береді.
«Цифрлық коворкинг-орталық мемлекеттік органдардың қызметін қарқынды цифрландыруға ықпал етеді деп ойлаймыз. Біз барлық мүдделі тұлғалармен ынтымақтастық орнатып, бұл алаңды жаңа идеяларды сынақтан өткізу үшін ұсынуға қуанышты боламыз. Бұл Өзгерістер кеңсесі, Идеялар фабрикасы, Kyzmet Talks сынды іс-шараларды өткізудің игі дәстүрінің жалғасы болмақ. Біз мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін талқылап, шешетін платформа ретінде әрекет етуді жалғастырамыз» – деп қорытындылады ректор.
Коворкингтің ашылуынан кейін Академия қабырғасында Бизнес-алаңда ашық сарапшылық диалог форматында «Memlekettik qyzmet: quick wins» идеялар фабрикасының пікірталасы өтті. Оның мақсаты мемлекеттік басқару саласында нақты жобаларды жүзеге асыру үшін идеяларді іріктеу.