2021 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Development Day аясында өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлермен кезекті онлайн кездесу өтті. Елбасы Академиясымен бірлесе ұйымдастырылған онлайн сессия ZOOM алаңында өтті және Facebook-те тікелей көрсетілімі болды.
Кездесу барысында бағдарламаның қатысушылары салалық міндеттер бойынша бастамаларын таныстырды, су ресурстарына, ауыл шаруашылығына, аймақтық дамуға, инвестицияларға, туризмге және т.б. қатысты өзекті мәселелер қозғалды.
Көшбасшысы «Acash Systems» ЖШС-нің директоры Адиль Жармухамедов болып табылатын «Су ресурстары» тобының идеясы ерекше қызығушылық тудырды. Аталмыш жобаның негізгі міндеті – су ресурстары саласының институционалдық трансформациясы. Өзінің презентациясында топ көшбасшысы ҚР-ның су ресурстарын басқару жүйесінің дұрыстығын талдау мәселесіне, су ресурстарын басқару жүйесіндегі мамандардың ағымдағы әлеуетіне, су нысандарын басқару жүйесін талдаудың негізгі қорытындыларына баса назар аударды.
Туризм саласын таныстырған топ келесідей міндетті орындау бойынша бастамалар ұсынды: «МЖӘ механизмдерін пайдалана отырып, саланы мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын құру».
Топ көшбасшысы, Ұлттық туризм индустриясы қауымдастығының президенті Гаухар Женисбектің айтуынша, ұсынылған бастамалар дағдарыс жағдайында туризм саласын жаңғырту бойынша үздік әлемдік тәжірибені пайдалануға негізделді.
«Негізгі бастамалардың бірі – туризмге өзін-өзі реттеу институтын енгізу. Бұл экономикалық жүйенің мемлекет пен бизнес арасында ерекше қатынастарды қарастыратын жаңа құқықтық институты. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мүндай үлгі барлық нарық қатысушыларының анағұрлым көп икемділігі мен мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ете алады, сондай-ақ Франция, Канада, Аустралия, АҚШ, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Австрия сынды бірқатар жетекші мемлекетте өзінің тиімділігін танытты. Одан өзге, өзін-өзі реттеуге көшу бизнес субъектілерінің ресурстық қамтамасыз етіле отырып даму жағдайын қалыптастырады» – деп атап өтті топ көшбасшысы Гаухар Женисбек.
Онлайн кездесу барысында таныстырылған тағы бір өзекті тақырып ауылшаруашылық коопреациясына арналды. Оның міндеті – аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, ауылшаруашылық кооперациясының үлгілерін құру, сондай-ақ кооперациялар құру және оларды дамыту арқылы фермерлерді бірігуге және іріленуге ынталандыру.
Түстен кейін онлайн сессияның «ҚР университеттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру», «Педагогикалық ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру», «Ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты трансформациялау: жаһандық сын-тегеуріндер мен тиімді шешімдер» сынды және білім саласындағы т.б. өзекті тақырыптарға арналған екінші бөлімі өтті.
Білім саласындағы ең маңызды тақырыптардың бірін «Елбасы Академиясы» КҚ басшысының орынбасары, «Білім беру» саласы тобының көшбасшысы Ануар Жангозин атап өтті. Аталмыш топтың жобасы ауыл мектептерін дамыту бағдарламасын әзірлеуге бағытталған.
Жобаны талқылау барысында топ жетекшісі Ануар Жангозин ауыл мектептеріндегі білім беру жүйесін дамытуға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстарды атап өтті. Солардың бірі «Birge Oqy» онлайн мектебінің жобасы болып табылады. Спикердің айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін Edtech технологиясын пайдалану қажет, онлайн репетиторлық жүйесін іске қосу керек, әлемнің мықты ұстаздарынан онлайн сабақ алу мүмкіндігін құру қажет және т.б.
Кездесу соңында спикерлер көрермендерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді және өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Салалық менеджерлермен Конец формыболған онлайн кездесулер екі апта көлемінде Development Day аясында Facebook платформасында өткендігін атап кеткен жөн. Бір апта бұрын бағдарлама қатысушылары құрылыс, денсаулық сақтау, спорт және өнеркәсіп тақырыптары бойынша өздерінің жобаларын таныстырды.