Жаңалықтар

Академия басшылығы литвалық әріптестермен кездесу өткізді

Академия қабырғасында Академия басшылығы мен Вильнюс Гедиминас техникалық университетінің өлдерімен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты екі білім ордасы арасындағы әріптестікті жандандыру және оның тиімді бағыттарын дамыту болды. Академия өкілдері литвалық қонақтарға Академияның білім беру бағдарламаларын таныстырып, орын алып жатқан жаңалықтармен бөлісті.

Кездесу аясында тараптар ықтимал әріптестік бағыттарын талқылады. Қос тарап та Еуропалық одақтың Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде бірлесіп жобаларды іске асыруға дайын екенін айтты, одан бөлек оқытушы-профессорлық құрамымен өзара алмасуды бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, литвалық делегация Вилюнюс Гедиминас техникалық университетінің докторанттарына арналған ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру үшін серіктес ретінде Академияға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы ретінде қос тарап аталған жобаларды нақты талқылап, оларды іске асыру үшін алғаш қадамдарды жасасуды ұйғарды.

Академия мен Вилюнюс Гедиминас техникалық университеті арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға 2013 жылы қол қойылған.


Your browser does not support SVGs