Жаңалықтар

«Посткеңестік кеңістікте жергілікті өзін-өзі басқару органдарының даму тәжірибесі мен келешегі»

2021 жылдың 26 ақпанында Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Солтүстік-Батыс институты «Посткеңестік кеңістікте жергілікті өзін-өзі басқару органдарының даму тәжірибесі мен келешегі» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің басты тақырыптары:

▪ посткеңестік кеңістікте жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қайта құру негіздері;

▪ посткеңестік кеңістік елдерінің жария билік жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару органдары: институционалдық негіздері мен олардың өзгеру қарқыны;

▪ посткеңестік кеңістік елдеріндегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзіреттілік саласы, өкілеттілігі және мемлекеттік билік органдарымен қызметін үйлестіру тетігі;

▪ муниципалды көшбасшылық: жергілікті тұрғындардың аумақты басқаруға қатысуы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының атынан стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректор – Көшербаева Айгүл Беделбайқызы қатысып,«Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы» тақырыбында баяндама жасады.

«Өзін-өзі басқару – бұл мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыратын платформа. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы бойынша жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар» – деп атап өтті Айгүл Көшербаева.

Академия вице-ректоры Айгүл Көшербаева: «Біз Мемлекеттік басқару академиясының өзгерістер бастауы, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын адамдардың біліктілігі мен құзіреттіліктерін арттыруға ықпалдасатын ұйым ретіндегі үлкен жауапкершілігін сезінудеміз» – деді.

Іс-шара COVID-19-дың таралуының алдын алуға байланысты шектеулерді ескере отырып, ZOOM платформасында өтті.


Your browser does not support SVGs