Ассессмент-орталық – модельдеу және нақты жұмыс жағдайларына жақын қызметке тарту арқылы қызметкердің\кандидаттың ықтимал мінез-құлқын диагностикалау, табыстылығын кешенді бағалаудың ең тиімді әдісі.
Ассессмент-орталықтың тарихы. Бастапқыда ассессмент орталығы Германия, Ұлыбритания армияларының, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін және соғыс кезінде АҚШ барлау қызметінің аға офицерлерін таңдау үшін пайдаланылды. Кейінірек бұл технологияны IT & T, IBM, Xerox, Mars, Siemens, Nestle, Shell және т.б. компанияларда кадрларды іріктеу үшін қолданды.
Ассессмент орталығының міндеттері:
- Ұйымның тиімді қызметкері үшін заманауи құзыреттілік үлгісін әзірлеу;
- Қызметкердің/кандидаттың құзыреттілігіне сенімді бағалау жүргізу;
- Жұмысқа қабылдауды сапалы ұйымдастыру, сондай-ақ ұйымның тиімділігін арттыру мақсатында қызметкерлерді ұйымға орналастыру бойынша ұсыныстар беру;
- Бағалау нәтижесінде анықталған оның күшті жақтары мен даму бағыттарына қарай қызметкердің жеке даму жоспарын жасауға көмектесу;
- Ұйымның кадрлық резервін қалыптастыруға көмектесу;
- Оқытудың және біліктілікті арттыру бағдарламаларының тиімділігін арттыру мақсатында олардың мазмұны бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Ассессмент орталығының негізгі принциптері:
- Жан-жақты бағалау. Әрбір қатысушы бірнеше жаттығуларға қатысады, онда ұйым үшін қызықты барлық құзыреттіліктерді көрсетуге болады, бағалауды бірнеше сарапшылар – бағалаушылар жүргізеді; ü Объективті бағалау. Бағалауға тәуелсіз сарапшылар тартылады, әрбір қатысушыны кешенді баға беретін бірнеше сарапшы бағалайды;
- Ұйымның мүдделеріне сәйкес келетін құзыреттілік моделі. Бағалау процесінің алдында ұйым басшылығымен келісе отырып, тиімді қызметкердің құзыреттілік үлгісін әзірлеу жүргізіледі; ü Әр қатысушыға тең мүмкіндіктер. Бағалау орталығының барлық жаттығулары әр қатысушыға өз құзыреттілігін тең дәрежеде көрсетуге мүмкіндік береді; Көрсетілген мінез-құлық ғана бағаланады, мұндай мінез-құлықтың себептері бағаланбайды. Бұл нақты жұмыс жағдайындағы қызметкердің ықтимал мінез-құлқы мен тиімділігін болжауға мүмкіндік береді.