Жаңалықтар

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі түлектерінің форумы

25 қарашда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі түлектерінің форумы болды.

Форум аясында «Мемлекеттік қызмет, ұлттық мүдде және сананы жаңғырту» тақырыбында диалогтік платформа болып өтті.

Диалогтік платформаның мақсаты Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында баяндалған «Рухани жаңғыру» патриоттық бағдарламасының шеңберінде Академия саясатын жүзеге асыру бойынша өзекті мәселелерді шешу болып табылады.

Платформа спикерлері: 2009–2010 жж. МСҰМ директоры Саясат НҰРБЕК, 2010 жылғы МСҰМ түлегі, Абылай хан атындағы  ҚазХҚ және ӘТУ «Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Зейнабил АЙДАРБЕКОВ, «МСҰМ түлектерінің клубы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат ТОКЕЖАНОВ.

Ал Академия ректоры Фатима ЖАҚЫПОВА модератор болды.

Саясат Нұрбек өз сөзінде қазіргі Қазақстанда түрлі жағдайлардың әсерінен адамдардың құндылықтық бағдарының трансформациясы болып жатқандығына назар аудартты.

«Қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың, жалпы жаһанданудың динамикалық дамуымен байланысты қазіргі заманғы Қазақстанда түрлі жағдайлардың әсерінен адамдардың құндылықтық бағдарының трансформациясы болып жатыр», – деді Саясат Нұрбек.

Сарапшы аталған бағыттың өзектілігі мен маңыздылығына қарамастан, қазақстандық ғылыми және сарапшылық ортада бұған қажетті назар аударылмай отырғандығын да атап өтті. Сөз соңында спикер қазақстандық қоғамның және оның жекелеген топтарының жағдайын сапалы және нақты бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін инструментарийді жасауды ұсынды. Сондай-ақ, түрлі бағыт бойынша, атап айтқанда, идеология мен сайлау стартегияларынан бастап, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар саласында саясатты құруға дейін, саясатты қалыптастыру үшін ғылыми негізделген ұсыныстарды беру мүмкін болады.

МСҰМ түлектері клубының Төрағасы Болат Төкежанов азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл рөлінің маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі таңда әлемде шешімдерді қабылдауда миллиондаған азаматтардың зияткерлік әлеуеті мен білімін қосуға, оларды орындауды бақылауды жүзеге асырудағы бағдарламалар мен стратегияларды әзірлеуге негізделген мемлекеттік басқарудағы принципиалды жаңа технология – краудсорсинг феномені қолданылады», — деді спикер.

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорының міндетін атқарушы Бауыржан Бокаевтың айтуы бойынша диалогтік платформаның қорытындысы негізінде «Рухани жаңғыру» шеңберінде мемлекеттік қызмет қалай өзгеруі және трансформациялануы қажеттігі туралы ұсыныстар әзірленеді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жіберіледі.

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі түлектеріне төмендегі номинациялар бойынша сыйлықтарды тапсыру рәсімі іс-шараны қорытындылады.

Жеңімпаздар:

  • Өңірді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы — Ерлан Өткелбаев, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары;
  • Қоғамға ашықтығы мен транспаренттілігі үшін» номинациясы — Ерлан Құсайын, Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі;
  • «Мемлекеттік қызметке адалдығы үшін» — Айгүл Сыздықова, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қаржы есептілігі мен статистикасы департаменті директорының орынбасары;
  • «Халықаралық аренадағы тиімді жұмысы үшін» номинациясы — Зурият Сауатова, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық жобаларды дамыту департаменті директорының орынбасары;
  • «Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» номинациясы — Ержан Ахмжанов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті басқармасының басшысы.

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі 2008 жылғы 28 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылымында құрылған болатын.


Your browser does not support SVGs