Жаңалықтар

«Қазіргі заман діліндегі этностылық және конфессионалдық: әдіснама және зерттеу мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар

Көпэтносты қоғамдағы рухани жаңғыру процестерін Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық Кеңесі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы талқылайды.

2017 жылдың 17 қарашасы Астана қаласы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғимаратында «Қазіргі заман діліндегі этностылық және конфессионалдық: әдіснама және зерттеу мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – рухани жаңғыру процесіндегі жаңа феномендерді және жаhандану тәуекелдерінің жағдайында ұлттық кодты сақтау мәселелерін эксперттік талқылау.

Ғылыми-практикалық семинарды Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өткізеді. Ғылыми-практикалық семинар жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық Кеңесі және облыстық ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, этномәдени бірлестіктер өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, этносаралық қатынастар мәселесі бойынша мемлекеттік қызметшілер және сарапшылар шақырылған.

Ғылыми-практикалық семинар жұмысына спикерлер ретінде Татарстан Республикасы Ш.Марджани атындағы тарих институтының (РФ), Әулие Климент Орхидский атындағы София университетунің (Болгария Республикасы), Омск гуманитарлық академиясының (РФ) ғалымдар мен экспертттері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілдері, еліміздегі жетекші ғалымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Ғылыми-практикалық семинар барысында рухани және қоғамдық сананы жаңғыртудың парадигмасы мен этностық және конфессиялық алуандық заманауи тегеурінді талаптарға жауап ретінде: жаңа болмысы және ғылыми ізденістер бағыттары бойынша екі панельдік дискуссия жүргізілді.


Your browser does not support SVGs