Жаңалықтар

Ханнс Зайдель қорымен Академияның ынтымақтастығы туралы

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (Академия) 2009 жылдан бастап Ханнс Зайдель қорымен (ХЗҚ) жұмыс істеп келеді. Ынтымақтастық туралы меморандумның мақсаты Орталық Азия елдерінде мемлекеттік қызметтің жоғары кәсіби кадрлық әлеуетін қалыптастыру мәселесінде әріптестік болып табылады.

Ынтымақтастықтың аса маңызды нысандарының бірі – Академия базасында магистратура бағдарламасы бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның өңірлік басқару органдары үшін мамандарды даярлау. Тараптардың Қаржылық жоспары шеңберінде Қор жыл сайын Академияда оқуға аталған елдердің мемлекеттік қызметшілері үшін гранттар бөледі. Академия білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру түрінде өз үлесін қосады. Қазіргі уақытта Академия мен Қордың арасындағы ынтымақтастық шеңберінде өңірлік басқару саласында 104 мемлекеттік қызметші магистр дәрежесін алды, олардың 53-і шетелдік мемлекеттік қызметшілер, тағы 10 мемлекеттік қызметші ағымдағы жылы Академияға оқуға түсті.

Қор жыл сайын бірлескен бағдарламаның үш үздік түлегін және үш үздік оқытушысын Германияға (Бавария мемлекеттік басқару мектебі) тағылымдамадан өтуге жібереді. Сондай-ақ, ГФР сарапшыларын шақыртумен жыл сайын тренингтерді өткізу магистранттарды оқыту бағдарламасына қосатын Қордың дәстүрлі үлесі болды.

Бұдан басқа, Академия қызметкерлерінің зерттеу және ғылыми жұмыстарын ынталандыруға қаражат қарастырылған.

Орталық Азиядағы ХЗҚ өкілдігінің басшысы доктор Макс Майер Академияның Қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылады.

Ағымдағы жылдың қазан айында Орталық Азиядағы Қор басшысының орынбасары К.Сыдыкбеков жұмыс сапарымен Академияға келді. Жұмыс сапары барысында тараптар 2018–2019 жылы Академияда оқу үшін бірлескен гранттардың потенциалды иеленушілер санатына Өзбекстанның мемлекеттік қызметшілерін қосуға келісті.

Мемлекеттік басқару саласында қазақстандық стандарттар бойынша дайындалған мемлекеттік қызметшілер пулын қалыптастыру – Академияның Орталық Азиядағы ынтымақтастық, тату көршілік және қауіпсіздік атмосферасын нығайтудағы қосқан үлесі. Қазақстан өңірлерінің кадрлық әлеуетін нығайту Академия жұмысының айрықша құзыреті болып табылады.

Халықаралық әріптестік орталығы


Your browser does not support SVGs