2021 жылдың 21 маусымда Мәскеу қаласында Академия делегациясының Ресей ғылым академиясының Е.М. Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институтымен кездесуі өтті.
Академия ректоры Ерлан Әбіл мен РҒА ӘЭХҚИ директоры Федор Войтоловский кездесу барысында институттар қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау туралы айтып, зерттеу жобаларын жүргізу тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың төмендегідей маңызды тұстарын атап өтті:
- Базалық және мамандандырылған қолданбалы зерттеулер бағыттары бойынша ынтымақтастық орнату.
- Өзара қызығушылық тудыратын салада профессорлық құрам мен жоғары білікті мамандарды тарта отырып, бірлескен ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізу.
- Алдын ала келісім шеңберінде докторлық диссертацияларды рецензиялау.
- Өзара қызығушылық тудыратын тақырыптар мен басқа да бастамалар бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер өткізу.
- Докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру және өткізу.
- Өзара қызығушылық тудыратын салаларда кадрлар мен мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағытында ынтымақтастық орнату.
Кездесу қорытындысы бойынша ресми түрде Меморандумға қол қойылды, онда тараптар өздерінің мандаттары аясында регламенттелген басқа да бағыттарда жұмыс істеуге қарсы еместігін мақұлдайды.
*Ескерту: РҒА ӘЭХҚИ Think Tank (Pen Uni) жаһандық рейтингіне кіреді және 2020 TOP THINK TANKS WORLDWIDE (NON-US) номинациясы бойынша 38 орынға ие.