Бүгін, 2017 жылы 12 тамызда, «Халықаралық қатынастар» магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша емтихан комиссиясының жұмысы жалғасып жатыр.
Емтихан комиссиясының мүшесі, Қазақстан Республикасындағы Австрия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі доктор Герхард САЙЛЛЕР комиссия отырысы қорытындылары бойынша әрбір елдің, Австрия мен Қазақстанның өзіндік ерекшелігі бар екендігін атап өтті, бірақ бүгін ол Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің терең біліміне және олардың қоғам игілігі үшін қызмет етуге дайын екендігіне көз жеткізді.