Бүгін, 2017 жылдың 10 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім беру бағдарламалары бойынша емтихан комиссияларының жұмысы басталды.
Жуық арадағы бірнеше күн ішінде құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Министрліктердің жауапты хатшылары, Астана қаласының әкімі және Ақмола облысының Родина ауыл округінің әкімі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директорлары, Астана қаласының мәслихат хатшысы, Ұлттық экономика министрлігінің комитет төрағаларының орынбасарлары, халықаралық ұйымдардың (ЕО, БҰҰ), шет мемлекеттер елшіліктерінің (Австрия), корпоративтік сектордың (МЖӘ орталығы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ), шетелдік әріптес-жоғары оқу орындарының өкілдері бар комиссиялардың құзыретті мүшелерінің алдында мемлекеттік қызметшілердің қайсысы Академияның магистранттары мен докторанттарының қатарынан орын алатындығын анықтау міндеті тұр.
Алғашқы күні шет тілі бойынша шекті деңгейді жинаған 38 үміткер, ситуациялық тапсырмаларды – кейстерді шеше отырып сұхбаттасудан өтті. Мұндай тәсіл бұрын қолданылған тесттерге қарағанда, Академияға үміткерлердің оқуға қабылдануы үшін олардың тұлғалық және кәсіби құзыреттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Сұхбаттасу алдында оқуға түсу тәртібіне сәйкес үміткерлер мотивациялық және берілген тақырыпқа эсселер дайындады, оны Академия сарапшылары бағалады. Одан өзге, олар ағылшын тілін білу деңгейін анықтау мақсатында Британдық кеңес өткізген APTIS халықаралық тестін тапсырды.
Анықтама үшін:
Осы жылы шамамен 320 үміткер білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысты. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы үшін магистратураға барлығы 120 орын және докторантураға 12 орын бөлінді. Бұл ретте, 1 орынға конкурс орташа алғанда 2,4 адамды құрады, ал жекелеген бағдарламалар бойынша: «Мемлекеттік саясат» магистратура бағдарламасы бойынша 1 орынға 4 адам, «Экономика» магистратура бағдарламасы бойынша 1 орынға 3 адам және «Мемлекеттік басқару» докторантураның бағдарламасы бойынша 1 орынға 4 адамды құрады.
Қазақстандық мемлекеттік қызметшілерден басқа Академия қабырғасында білім алуға Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Монғолия елдерінен мемлекеттік қызметшілер қызығушылық танытты.