15 шілдеде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Ашық есік күні болып өтті. Келушілер Астана қаласының және өңірлердің мемлекеттік қызметшілері болды.
Академия ректоры Фатима Жақыпова: «Білім жаңартылмай және кәсіби мен тұлғалық құзыреттер арттырылмай мемлекеттік аппарат жаңғыртылуы мүмкін, алайда толыққанды емес. Қазір өзгерістер жылдам орын алып жатқан уақыт»,-деді.
Басқару институтының директоры Ерлан Әбіл, Дипломатия институтының директоры Әнуар Аязбеков және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорының орынбасары Бауыржан Боқаев магистратура және докторантура бағдарламаларын таныстырды.
Осы жылы Академия магистратураның 6 бағдарламасы және докторантураның 4бағдарламасы бойынша қабылдауды жүргізеді.
Магистратура:
- Мемлекеттік менеджмент;
- Өңірлік даму;
- Халықаралық қатынастар;
- Мемлекеттік саясат;
- Мемлекеттік басқару;
- Экономика.
Докторантура:
- Мемлекеттік басқару;
- Экономика;
- Халықаралық қатынастар;
- Мемлекеттік менеджмент.
Оқуды сәтті аяқтаған мемлекеттік қызметші еліміздегі мемлекеттік қызмет саласындағы жалғыз жоғары оқу орны – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының дипломын алады.
Қойылатын өлшемдердің бірі – ағылшын тілін білу, оқуға түсуге ниетті тұлғаларға APTIS, IELTS немесе TOEFL тестілеуінен өту қажет.
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі қысқартылғанын атап өткен жөн: білімі туралы диплом көшірмесі (қосымшаларымен бірге); жеке куәлік немесе төлқұжаттың көшірмесі; еңбек қызметін растайтын құжат; медициналық анықтама.