Оқиғалар

КӨРНЕКТІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ДИПЛОМАТ, ПЕДАГОГ ТӨЛЕУТАЙ ЫСҚАҚҰЛЫ СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА

2021 жылдың 30 қыркүйегінде саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры, Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатына 30 жыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы тұңғыш сыртқы істер министрі. Егемен Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюына, еліміздің еркін әрі тәуелсіз сыртқы саясатын құруға, Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі кең инфрақұрылымын қалыптастыруға сүбелі үлес қосты.

Ұзақ жылдар бойы Қазақстан Республикасының АҚШ, Венгрия, сондай-ақ Словакия, Чехия, Польша, Болгария мен Румыниядағы, Бенилюкс елдеріндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақтағы, НАТО мен Еуропарламенттегі Тұрақты өкілі ретінде дипломатия саласында қызмет етті.

Мерейтой иесінің еңбегі Қазақстан Республикасының және шетелдік мемлекеттер – Ауғанстан, Польша, Ресей, Чехия және т.б. елдердің мемлекеттік наградаларымен атап өтілді.

Көпжылдық дипломатиялық қызметін тәмамдағаннан кейін Т.Ы..Сүлейменов Қазақстанға оралды және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының проректоры – Дипломатия институтының директоры ретінде жұмысқа кірісті. 2005 жылдан бастап Дипломатия институтында халықаралық қатынастар және дипломатия саласының мамандарын даярлау бойынша белсенді ғылыми-білім беру қызметін жалғастыруда. Мерейтой иесінің ғылыми жетекшілігімен 12 докторлық және 30-дан аса магистрлік жұмыс қорғалды.

Т.Ы. Сүлейменовтың ғылыми мұрасы дипломатия, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясаты саласындағы 11.монографияны, 100-ден аса мақала мен жарияланымдарды қамтиды. 2020.жылдың желтоқсанында Т.Ы. Сүлейменов Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты жоғары атағын иеленді.

Академияның сарапшылық алаңы ғалымдар мен практиктер, мемлекет және қоғам қайраткерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30.жылдығында мемлекеттің сыртқы саяси дамуын қорытындылайтын орын болмақ. «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатына 30 жыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады.

Іс-шара аясында мерейтой иесін құттықтау рәсімі өтеді.    

Конференция онлайн форматта ZOOM платформасында өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/92263344159?pwd=UjJ0RXZER3VlVkNGclB0aXZaRmRUQT09

Конференция идентификаторы: 922 6334 4159

Кіру коды: 740663

Іс-шараның басталуы: сағ. 11.00

Қосымша ақпарат алу үшін Дипломатия институтының ассистенті Бауыржан Бағлайға келесі телефон нөмірі немесе электрондық пошта мекенжайы бойынша хабарласуға болады: 8-7172-75-33-65, bauyrzhan.baglay@apa.kz.

Конференция тақырыбы бойынша мақалалардың мәтіндерін Дипломатия институтының профессоры Таисия Викторовна Мармонтоваға келесі электрондық пошта мекенжайы бойынша жолдауға болады: t.marmontova@apa.kz.


Your browser does not support SVGs