Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың 29 мамыры және 2 маусымы аралығында шетелдік сарапшылар Роберт Вейбел және Пол Миртс «Халықаралық келіссөздер стратегиясы, тактикасы және өнері» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.
Семинарға Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент Сенатының, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.
Семинардың мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің басқа мемлекеттер өкілдерімен халықаралық келіссөздерді тиімді жүргізу бойынша құзыреттерін арттыру болып табылады.
Роберт Вейбел (Швейцария) – Келіссөздер жүргізу және шешімдер қабылдау жөніндегі Еуропалық орталықтың атқарушы директоры және негізін салушы (CENAD), келіссөздер жүргізу бойынша халықаралық сарапшы/тренер. Көп жылдан бері көптеген жоғары оқу орындар мен институттармен, атап айтсақ Женеваның халықаралық және жобалық зерттеу жөніндегі жоғары мектебімен, Вена дипломатиялық академиясымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаған. Чехия, Швеция, Польша, Ирландия, Литва, Грекия, Латвия, Люксембург, Нидерланды, Словакия және Мальта елдерінің 50-ден аса министрлеріне, 100-ден аса төрағалар мен делегация жетекшілері мен үйлестірушілеріне тренинг өткізеген. БҰҰ, БҰҰ босқындар істері жөніндегі агенттігі (UNHCR), ДСҰ, БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы (UNCTAD), Миграция бойынша халықаралық ұйым, ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қордың және тағы басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс жасаудан көпжылдық тәжірибиесі бар.
Пол Миртс (Нидерланды) – «Clingendael» халықаралық келіссөздер жүргізу жөніндегі Голланд институтының аға ғылыми қызметкері, келіссөздер жүргізу бойынша халықаралық сарапшысы/жаттықтырушысы, сонымен қатар Journal of International Negotiation (JIN)» басылымының халықаралық эксперттік кеңесінің мүшесі болып табылады. Доктор Миртс көптеген елдерде халықаралық келіссөздер бойынша тренингтер өткізген. «Дипломатиялық келіссөздер, негіздері және эволициясы», «Жарылысқа және бомбаға тосқауыл қою», «Халықаралық келіссөздер процесінің эволюциясы» және тағы басқа да кітаптардың авторы болып табылады.
Семинар барысында сарапшылар ең үздік үлгіге сүйене отырып, халықаралық келіссөздер жүргізу техникасын пайдалану тәжірибиесімен бөліседі. Семинар аяқталған соң, мемлекеттік қызметшілер халықаралық келіссөздерді жүргізу үдерісін толық меңгереді деп күтілуде.
Эксперттер интерактивті оқытудың бірқатар әдістері – презентациялар, рөлдік ойындар, кейстерді талқылау, көпшілік алдында сөз сөйлеу, видео-жазбалар мен жеке брифингтер өткізуді және т.б. қолданатын болады.
Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.