Жаңалықтар

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін қайта даярлау курсы

2017 жылдың 22 мамыры және 10 маусымы аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері үшін күндізгі оқыту түрі бойынша қайта даярлау курсы жүргізіледі.

Курстың мақсаты мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді дамыту болып табылады.

Курс бағдарламасы бейімделу сипатта және кәсіби қайта бағдарлану, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің алғашқы кезеңінде білімдерін, білік-дағдыларын кеңейту және тереңдету мақсатында әзірленген.

Курс бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің, стратегиялық жоспарлаудың, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің негіздері, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоюдың, ҚР әкімшілік құқығының, мемлекеттік органдардың қызметі саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері және т.б. қарастырылады. Басты назар мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық құзыреттіктерін дамыту және тұлғалық тиімділігін арттыруға аударылған. Сабақ барысында дәріс-әңгімелесулер, практикалық сабақтар, тренингтер және т.б. өтетін болады.

Оқытушылар ретінде тыңдаушылар алдында кәсіби психологтар мен бизнес-тренерлер, мемлекеттік басқару саласында көп жылдық тәжірибесі бар сарапшылар, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қызметкерлері, ҚР Заңнама институтының және Қазіргі заманғы қоғамды зерттеу институтының өкілдері, сондай-ақ Академияның профессор-оқытушылар құрамы және т.б. сөз сөйлейді.

Қайта даярлау курсы тыңдаушыларына курс соңында куәлік тапсырылады.


Your browser does not support SVGs