Жыл сайын Астана Мемлекеттік қызмет хабы алаңында өтетін Мемлекеттік басқару саласындағы конференциясының екінші күнінде UNDESA және Академия бірлесіп «ТДМ-ға қол жеткізу үшін мемлекеттік басқару реформаларындағы өзгерістер: императивтер және COVID-19 пандемиясының сабақтары» туралы диалог алаңын ұйымдастырды.
Жалғасып келе жатқан пандемияның қорытындылары шығарылып, COVID-19 салдарына қарсы тұруға және 2030 жылға дейінгі күн тәртібін сәтті жалғастыруға көмектесетін саясаттың, стратегияның және тәсілдердің қолайлы нұсқалары талқыланды.
Осылайша, конференцияның екінші күнінің мақсаты мемлекеттік мекемелер үшін пандемиядан туындаған қауіптер мен қиындықтар туралы қатысушылардың хабардарлығын арттыру және ТДМ-ға қол жеткізу үшін күн тәртібін жүзеге асыру болды. Сарапшылар келесідей туындаған мәселелерді шешу бойынша өз пікірлерімен бөлісті:
– ашықтық және есептілік;
– ақпаратқа қол жеткізу және кепілдіктерді жеңілдету;
– қызмет көрсетудегі әділдік;
– әртүрлілік пен адам құқықтарын құрметтеу;
– адалдықтың бұзылуы, алаяқтық және сыбайлас жемқорлық.
Академия ректоры Ерлан Әбіл алғы сөзінде мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бойынша бірқатар өзекті мәселелерді қозғады, сондай-ақ қазіргі уақытта тұрақты дамуға қол жеткізу үшін жобалық тәсілді қолдана отырып, мемлекеттік басқаруды трансформациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Конференция алаңында UCS, UNDESA, ЭЗИ және Академия сарапшылары баяндама жасады. Белгісіздік дәуірінде мемлекеттік қызметшілердің сыни және жүйелі ойлауын, креативтілігі мен бейімділігін, коммуникативтілігі мен күйзеліске төзімділігін дамыту, үлкен деректерді талдау әдістеріне үйрету, өзгерістер жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгерту қажет. Сонымен қатар, сарапшылар ТДМ-ға қол жеткізу үшін ТДМ-ны бюджеттеу қағидаттарын қолданбай, мемлекеттік институттардың тиімділігіне қол жеткізу мүмкін еместігін атап өтті.
CEPA мүшесі, Академия вице-ректоры Айгүл Көшербаева спикерлер көтерген тақырыптарды жалғастыра отырып, мынадай қағидаттарды ұстану қажет болатын тұрақты даму үшін тиісті мемлекеттік басқарудың өнімділіктен әлеуетке, үйлестіру әрекеттерінен келісілген көзқарасқа, менеджменттен көшбасшылыққа секілді қағидаттарын ұсынды.
Аталмыш конференция аясында ұйымдастырылған диалог алаңы Академия мен Astana Civil Service Hub ынтымақтастығының бір көрінісі. Конференцияның бейнежазбасы Astana Civil Service Hub парақшасында жарияланған.