2017 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джордж А. Кролдың қатысуымен мемлекеттік саясат, мемлекеттік басқару және халықаралық дамудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша алғашқы Диалогтық платформа бастау алды.
Крол мырза Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік басқару жүйесіне талдау жасап, көші-қон мен білім мәселелерін көтеріп, сонымен қатар Диалогтық платформа қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.