2017 жылдың 3-7 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында шетелдік сарапшылар Андреас Баумгартнер және Филип Дерден «Мемлекеттік қызметшілерге арналған аналитика» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізеді.
Семинарға Президент Әкімшілігінің, Премьер-Минстр Кеңсесінің, Парламент Сенатының, Конституциялық кеңестің, Жоғарғы сот кеңесінің, Есеп комитетінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.
Семинардың мақсаты – тыңдаушылардың сараптау процесін түсінуін дамыту, мәселені анықтаудан бастап, талдаудан синтез және мәнді және расталған ақпаратты ұсынуға дейін, сонымен бірге семинар барысында және тыңдаушылардың күнделікті жұмысында қолданылатын нақты тұжырымдамалар мен құралдармен таныстыру.
Андреас Баумгартнер доктор, StIR Strategy Impact Reputation FZE негізін қалаушы және басқарушы серіктесі (Біріккен Араб Әмірлектері), жоғары санатты тренер, мемлекеттік және жеке секторларда консалтингтік қызмет көрсету саласында тәжірбиесі мол маман болып табылады. Әр түрлі елдерде көптеген тренингтер өткізуден 20 жылдан аса тәжірбиесі бар.
Филип Ноэль Дерден халықаралық даму және оқыту орталығының басшысы (CIDT), Уольверхэмптон университетінің профессоры (Ұлыбритания). Ұйымдастырушылық даму және жобаларды/бағдарламаларды басқару, сонымен қатар жобалық цикл, логикалық матрица бағдарламалары бойынша кеңесші ретінде көпжылдық тәжірбиесі бар, ұжымдық бағалау, мониторинг және бағалау, институционалдық және ұйымдастырушылық талдаудың, стратегиялық жоспарлаудың саясатын қалыптасытыру және т.б. мәселелермен айналысқан.
Семинар нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілер аналитикалық жұмысқа қажетті құзыреттерін жетілдіріп, аналитикалық жұмыстағы қажеттіліктерді және күнделікті жұмысқа арналған ең қолайлы құралдарын анықтайды деп күтіледі.
Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табасталады.