Іс-шара: «Астана – дамудың 20 жылы: мемлекеттік басқарудың жаңа күштері» «Kyzmet talks»TEDex конференциясы
Мерзімі: 25 маусым, 2018 ж., сағат – 14.00-16.00
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғимараты
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Астананың даму тәжірибесі мемлекеттік басқарудың тиімді реформаларын әрі қарай іске асырудың қажеттілігіне назар аудартады. Олардың ішінде, адами капиталдың шығармашылық әлеуетін басқаруға, мемлекеттік басқару мен халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасын арттыруға бағытталған шаралар айрықша орын алады. Үкіметтің икемділігі және оның қазіргі заманның сын-тегеуріндері мен мегатрендтеріне жауап беруге дайындығы мен қабілеттілігі маңызды факторлар болып табылады.
2015 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаев мемлекеттілікті нығайтып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін бес институционалды реформаны алға қойды. Бес институционалды реформаны іске асыру мақсатында Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» қабылданып, орындалып жатыр.
Реформалардың біріншісі және Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби, автономды және тиімді аппаратты қоғамдық және мемлекеттік дамудың барлық салаларында түрлендірудің операторы ретінде қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан да, мемлекеттік аппарат елдің қажеттіліктеріне сәйкес келіп, қазіргі кезеңде алдында тұрған сын-тегеуріндерді тиімді орындап шығуы қажет.
«Kyzmet talks» конференциясының мақсаты, біріншіден, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті реформалау үдерісінде алған сабақтарды ескере отырып, әрі қарайғы даму стратегиясының анық картинасын ұсыну, екіншіден, жаһандық мегатрендтер мен сын-тегеуріндер жағдайында Астана және жалпы елдің тұрақты дамуының басым мақсаттары мен міндеттерін талқылау.
Конференция спикерлері: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Астана қаласы әкімдігі және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері.