Магистратураның «Адами ресурстарды басқару – Human Resource Management» өндірістен қол үзіп білім беру бағдарламаларына, бір жыл оқу мерзімімен:
– мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тұлғалар қабылданады;
– Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде екі жыл жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы ректорының
2022 жылғы «10» ақпандағы № 61 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясына
оқуға қабылдау қағидалары
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (бұдан әрі – Академия) білім алушылар контингентін қалыптастыру заңдылықты, жариялылықты және ашықтықты қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
Оқуға қабылдау рәсімі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып табылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) шеңберінде де, жеке және заңды тұлғалардың қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат көздері есебінен де жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер
Осы Академияға оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Академия Жарғысына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын Академияға жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілер жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға түсу конкурсына қатысуға, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнамада белгіленген зейнеткерлік жас шегінен шықпайтын, оқудың және кейіннен жұмыспен өтеудің жиынтық мерзімдерін, сондай-ақ мемлекеттік органда олардың тұрақты штаттық лауазымды атқаруын ескере отырып, жіберіледі.
Мемлекеттік орган ұсынылатын мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Академияға оқуға жібереді.
Академия ҚР БҒМ 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауды, оның ішінде магистратура білім беру бағдарламалары шеңберінде негізгі кәсіптік қызметті біріктіре отырып, модульдік оқыту принципі аясында, мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- 7М031 Әлеуметтік ғылымдар;
- 7М041 Бизнес және басқару;
- 8D031 Әлеуметтік ғылымдар;
- 8D041 Бизнес және басқару.
Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру, конкурстық іріктеуді жүргізу және Академияға оқуға қабылдау үшін жыл сайын Қабылдау және Конкурстық комиссиялар құрылады, олардың құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі. Комиссиялардың құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және қалалар мен облыстар мәслихаттарының депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық және халықаралық компаниялардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері, Академия қызметкерлері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар кіреді.
Қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі Қабылдау комиссиясы туралы ережеге сәйкес барлық қабылдау кампаниясы бойы жұмыс істейді.
Конкурстық комиссиялар магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша құрылады.
Құжаттарды қабылдау тәртібі
Магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау Академияның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Үміткерлер жыл сайын 1 наурыз бен 23 шілде аралығында Академияның ақпараттық жүйесінде тіркеледі және электрондық форматтағы мынадай құжаттарды қоса тіркейді:
- Мемлекеттік органның жолдамасы. (Ақылы негізде оқуға үміткер тұлғалармен ұсынылмайды)
Аппарат басшысы тағайындайтын тұлғалар үшін жолдамаға сол лауазымды тұлға қол қояды. Бұл ретте, басқа тұлғалармен (органмен) тағайындалған тұлғалардың жолдамасына үміткер жұмыс жасайтын мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
Мемлекеттік орган оқуға жолдама бермеген жағдайда мемлекеттік қызметші ақпараттық жүйеде тіркелген кезде құжаттың жоқтығын көрсетеді.
Мұндай жағдайларда мемлекеттік қызметшілерге оқуға жолдама Академияға алдын ала оқуға қабылдау қорытындылары бойынша беріледі.
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- қосымшасы бар жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
- шетелдік азаматтарды қоспағанда, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе QAZTEST (http://kazakhtest.kz) сертификаты.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін – жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған қызметтік тізім; өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат;
- электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық өтініш, шетелдік азаматтар Академияның ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған өтінішті шығарып, оған қол қояды және өтініштің қол қойылған сканерленген нұсқасын жүктейді.
Үміткер Академияның ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде Пайдаланушы келісіміне және жеке деректерді жинау мен өңдеуге арналған келісімге қол қояды.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.
Шет тіліндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде үміткерлер оқуға қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.
Шетелдік жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары Қазақстан Республикасының азаматтарына – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтпей-ақ танылады.
Магистратураның «Адами ресурстарды басқару – Master of Human Resource Management» өндірістен қол үзіп білім беру бағдарламаларына, бір жыл оқу мерзімімен:
– мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тұлғалар қабылданады;
– Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде екі жыл жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
магистратураның бір және екі жыл оқу мерзімімен, өндірістен қол үзіп білім беру бағдарламаларына конкурстық іріктеу екі кезеңнен тұрады:
1) кейсті шешу;
2) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сұхбат.
Академияға оқуға қабылдау туралы шешім конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен үміткердің қорытынды бағасы негізінде қабылданады.
Қорытынды баға − балдардың үлес салмағын ескере отырып, конкурстық іріктеу нәтижелерін бағалауды жиынтықтау арқылы алынған балдардың жиынтығы.
Конкурстық іріктеу кезеңдерін өткізу тәртібі магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша конкурстық іріктеу кезеңдерін өткізу технологиясына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурс қорытындысы бойынша магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бөлінісінде жинаған балдар сомасы негізінде үміткерлердің сараланған тізімі қалыптастырылады:
– мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша;
– өз қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен.
Конкурстық іріктеуден өткен/өтпеген үміткерлерге оқуға қабылдау/қабылданбау туралы хабарлама жіберіледі.
Конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер білім беру бағдарламалары және қаржыландыру түрлері бойынша магистранттар мен докторанттар қатарына алдын ала оқуға қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурстық іріктеуден өтпеген және магистранттар/докторанттар қатарына қабылданбаған үміткерлер Қабылдау комиссиясы бекітетін, магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бөлінісінде жинаған балдарға сәйкес күту тізіміне енгізіледі.
Магистрант/докторант оқуға қабылдау туралы бұйрық бекітілгеннен кейін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан бас тартқан жағдайда, магистрант/докторант Академия басшылығының атына оны оқытуға нақты жұмсалған қаражатты өтеуге келісімін бере отырып, тиісті өтініш ұсынады.
Бос орынға, өзге қаржыландыру көздері есебінен магистратура және докторантура бағдарламаларына қабылданған тұлғаларды қоспағанда, оқу басталғаннан кейін жеті аптадан кешіктірмей, күту тізімі бойынша ең жоғары балы бар келесі үміткер қабылданады. Аталған тұлғалар күту тізімінен шығарылады.
Білім алушылар қатарына қабылдау үшін үміткерлер алдын ала қабылдау туралы бұйрық қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Академияның қабылдау комиссиясына мына құжаттарды ұсынады:
осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама;
салыстырып тексеру үшін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың түпнұсқасы қосымшасымен бірге. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады;
мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған қызметтік тізімнің түпнұсқасы, өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымдық айлықақысын, санатын және еңбек өтілін көрсете отырып, Академияға оқуға қабылданған жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жұмыс орнынан анықтама;
Тараптар қол қойған, оқуды ұйымдастыруға арналған Шарт.
Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша оқуға конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер Академия ректорының бұйрығымен қабылданады