Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Мемлекеттік басқару» бағыты бойынша АҚШ-тың жетекші мектебі Сиракуз университетінің Максвелл мектебімен ынтымақтастықты дамытуда.
2017-2022 жылдарға арналған Меморандум аясында:
– тағылымдама, академиялық ұтқырлық бағдарламасы; Академияның магистранттары мен докторанттарына арналған екі дипломды білім беру бағдарламасы;
– Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлеріне арналған тренингтер ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта Максвелл мектебінде Академияның төрт қызметкері бірлесіп әзірленген бағдарлама бойынша “Болашақ” бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтуде.
2022 жылғы 25 наурызда Академия делегациясының іссапары барысында келесі бес жылға Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде білім алушылар мен қызметкерлер бірлескен білім беру бағдарламаларына, тренингтерге, тағылымдамаларға, ғылыми зерттеулерге қатысуға мүмкіндік алады. Кездесу барысында делегация graduate certificate program, executive program бағдарламаларын іске асыру тәжірибесімен танысты.
Тараптар бірлескен білім беру бағдарламасын, оның ішінде модульдік білім беру бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға келісті, оның аясында білім алушылар Академия мен Сиракуз университетінің қос дипломын алу мүмкіндігіне ие болады.