Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» тақырыбы бойынша сайлау ұйымдастырушыларына арналған оқыту курсы өтті

Ағымдағы жылғы 13-15 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» оқыту курсы өтті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында сайлау комиссиялары рөлінің артуына байланысты олардың қызметінің қағидаттарын қайта қарап, оларды кәсіби негізге көшіру керектігін атап өтті.

Бүгінгі күннің өзінде барлық деңгейдегі сайлау комиссияларында сайлау процесін басқаруға қабілетті, өзіне жауапкершілік алуға дайын, сайлаушылармен және сайлау процесінің басқа да қатысушыларымен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерген құзыретті мамандар жұмыс істеуі тиіс.

Өткен жылдың желтоқсан айында Академия базасында Электоралдық оқыту орталығы ашылды. Оның негізгі мақсаты – біліктілік деңгейін арттыру, теориялық және қолданбалы білімді кеңейту, сайлау процесіне қатысушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру.

Осы оқыту курсы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалардың, аудандардың және қаладағы аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының басшыларына арналған Орталықтың биылғы жылғы алғашқы іс-шарасы. Жалпы, Орталық 2022 жылдың соңына дейін Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, сайлауды ұйымдастырушылар мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту үшін 599 жаттықтырушыны оқытуды жоспарлап отыр.


Your browser does not support SVGs