Жаңалықтар

EGEMEN QAZAQSTAN республикалық газетімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 

Академия «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ-мен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту аясында Академияда мемлекеттік органдардың басшылары мен баспасөз қызметтерінің қызметкерлері үшін мамандандырылған біліктілікті арттыру курстары, мастер-кластар мен тренингтер өткізіледі.

Меморандум «Казахстанская правда» және «Egemen Qazaqstan» газеттерінің кәсіби журналистерін орталықта ғана емес, еліміздің барлық филиалдарында да тренер ретінде тартуға мүмкіндік береді. Аталған Меморандум шеңберінде қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастырудан бөлек бірлескен медиа жобалар іске асырылып, Академияның тыңдаушылары үшін авторлық курстар әзірленетін болады.

«Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі осы қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум үлкен бірлескен жұмыстың бастауы болатынына сенім білдірді.


Your browser does not support SVGs