Жаңалықтар

Академия және Қазан федералдық университет Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою 4 шілдеде Қазақстан-татарстан бизнес-форумының шеңберінде ұйымдастырылды. Қол қою салтанатты рәсімі ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мәминнің, Татарстан Республикасы Президенті Рустам Миннихановтың және Татарстан Республикасының лауазымды тұлғалары мен бизнес өкілдерінен тұратын делегацияның қатысуымен өткізілді.

Бұл құжат мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау, оқу-әдістемелік материалдар мен жаңа оқыту тәсілдерін жасау, сондай-ақ оқытушы-профессорлық құраммен өзара алмасу мәселелері бойынша Академия мен ҚФУ арасындағы екіжақты әріптестікті дамытуға бағытталған. Ынтымақтастық жол картасын жүзеге асырудың алғашқы іс-шарасы  ағымдағы жылдың қыркүйек айында Татарстан Республикасының муниципалдық атқарушы комитеттерінің басшылары үшін Академия негізінде өткізілетін семинар болмақ.

Осы бизнес-форум шеңберінде Татарстан Республикасының Инвестициалық даму агенттігі мен Астана халықаралық қаржы орталығы арасында, және Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға, сондай-ақ IT-парк (Қазан қ.) пен «Astana Hub» IT стартаптар халықаралық технопаркі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.


Your browser does not support SVGs