Жаңалықтар

«БАҚ өкілдеріне арналған оқыту курсы «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және практика»

28-30 қыркүйек аралығында БАҚ өкілдері үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және практика» оқыту курсы өтті.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралды оқыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Оқыту курсының мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) сайлау науқандарындағы рөлі мен маңызын сыни түсіну қабілетін қалыптастыру, БАҚ өкілдерінің білім деңгейін және олардың Қазақстандағы сайлау үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша құзырет деңгейін арттыру.

Оқытудың үш күнінде Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен қызметкерлері тыңдаушыларды сайлау процесінің қағидаттары мен стандарттары, Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының новеллалары, сайлау науқандарын ақпараттық жария етудің халықаралық стандарттары, журналистер мен спикерлердің қазіргі заманғы коммуникациясындағы этикалық факторлар, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік, сайлау науқандары кезеңіндегі фактчекингтің рөлі туралы ақпаратпен таныстырды. Сонымен қатар электоралдық кезеңде даулы жағдайларды шешу кезіндегі медиативтік технологиялар практикумы, БАҚ-тың сайлау процесіне қатысуының құқықтық аспектілері бойынша тренингтік сабақтар өткізілді. Курс соңында әр қатысушыға сертификат берілді.


Your browser does not support SVGs