Халықаралық ұйым өкілдері мәжіліске қатысушыларды құттықтай отырып, Қазақстандағы қоғамдық кеңестер қызметінің рөлі мен маңыздылығын атап өтті. Мәселен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Кеңсесі Басшысының орынбасары Юрий Фенопетов құттықтау сөзінде азаматтық қоғамның қоғамдық саясат пен заң жобаларын талқылауға қатысуы, сондай-ақ, қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге азаматтық қоғамның тартылуы басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Азаматтық қоғамның, оның ішінде қоғамдық кеңестердің рөлі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыруға ықпал етеді. Жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп, қоғамдық кеңестерді дамытуға байланысты мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды айтты.
Аталмыш жиында аймақтық және республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңес жетекшілері, Парламент және мәслихат депутаттары өз ойларын ортаға салды.

